Бұл қыздың оқиғасы ұзақ… Былтыр, осы уақытта, жаңа офис-менеджер келді. Т. басында, шыны керек, маған онша ұнаған жоқ 🙂 Бірінші күні ма, екінші күні ма маған «мен, негізі, жындылаумын!» деп «балш» еткізіп айта салғаны… Рас боп шықты, өткен-кеткен әңгімелері бар, үйіндегі тірлігі бар, туған-туысқандарымен, қайын жұртымен қарым-қатынасы бар, жұмыстағы анда-санда конфузияға ұшырататындай сөздері мен қылықтары бар, барлығы дәлелдеп көрсеткендей. Сонымен, не керек жақын араласып кеттік 🙂 Т. тұрмыс құрғанына, сол кезде бір жылдан асыпты, бірақ балалы бола алмай жүрсе керек. Т. соған қатты қапаланатын, оның көңіл-күйі маған берілетін болды :)) Мен де переживаттай бастадым. Бір күні бірге дүкенге бардық, мен оны «зорлап» тұрып кішкентай балалардың заттары сатылатын дүкенге кіргіздім, ананы-мынаны көрсетіп «мынаны сенің балаңа алып беремін» дей бердім, ол күледі «бірінші болсыншы» деп. Мен қоймаймын, «фантазировать етуге де болмайды ма?!» деп баяғы 🙂 Сол-ақ екен ол менімен қоса қиялдай бастады 🙂 Жаңа жылға жаңа туған баланың мүсінін сыйладым «ешқайда апармай осында, көз алдыңда тұрсын» деп бұйырдым да 🙂 Наурыз ба, сәуір ма жүкті болды: қуанғаным-ай, М-агенттегі қол-аяғы дір-дір етіп билейтін смайлик сияқты билегім кеп кетті сол кезде… Т.-ның, мен білетін, қысқа оқиғасы осылай.

Т.-ның 5 қайын інілері бар: қызды армандағандары сондай 6 ұлды бірінен соң бірін туа берген 🙂 Сонымен, Т. бүгін түнде 3,594 кг., 50 см. ҚЫЗ босанды. Ата-енесінің армандаған қыздары болып тұр ғой… ЭХ Тәңірдің бұйрығын қарамайсың ба ДЕП қояйыншы әжемнің сөзімен 🙂

Шарапат ,(ата-әжесі таңдап қойған есімі) апаңдай 6-7 ұл босанатын үлкен азамат бол! 🙂 Т., Қ. күш-қуат тілеймін сендерге, армандағандарың алдарыңнан құшақ жая қарсы алсын!!!

Advertisements

Сүйінші!!! Эльчён аман-есен босанды… Ағамның қуанышында шек жоқ. Ағамның қуанышына біздің де қуанышымыз шексіз. Тәңірден тілеп алған қуанышы ғой. Басқа қалада болған соң дауыстарын естумен шектелдік. Әне барамыз, міне барамыз деп жүрміз… Өссін кішкене… Ұл бала, атын нағашы інім Айдос деп қойыпты.

Айдос, өмір жасың ұзақ болсын!!! Аға, Эльчён тұңғыштарың тек қуанта берсін!!!