Бір Ой болыпты. Мекен жайы Мида екен. Дене Республикасының ең энергоемкий аудандарының бірі, әрі Басқару жүйесінің тұрақты тұрағы болса керек.

Көз джимайлға хат жолдап, Құлақ дауысты/дыбысты СМС жазып, Тері неше түрлі спам лақтырып, Тіл ханым импульстар жіберіп, Мұрын мырза қорап-қорап пәсілке жолдап, Мидың ел танымайтын өгей деп саналатын 6-ы баласы да азды-көпті, жетер-жетпес ақпарат беріп, қайтесіз әйтеуір ел жабылып Ойды туғызып алыпты. Шілдеханасы 0,01 нсек болар болмас жиналған жұрт келесі толғақ «қызығына» кетіпті.

Акушерлерінің берген ақпаратына тоймаған Ой Архив атаға барыпты(физикалық тұрғыдан ата өзі Ойға келеді ғой). Архив ата **-і болса керек, бейшара бала-Ой біріншісінен бастап соңғысынан дейін қыдырмай, 24-і «болуы мүмкін» деген ендері барларға сілтепті. Аталар аздап қартаяйын деген ба «солай ғой деймін» деген жауаптарына налыған Ой өз тумаларына барыпты, ақылдаса отырып, олардың тәжірибелеріне жүгіне отырып, «жұдырыққа жұмыла отырып» 5 ағайындыға ашық  хат жазыпты.  Тілеуін бергірлер лезде басқа Республикалардан, Материктерден, Ғарыштардан барлық ақпарат жинап беріпті. Ой рахметін айтып, жаңа «азыққа» толығып, қорыта бастапты… Бәрібір Ой ойынан ойы кетпей қойыпты… Тумалары қолдарын бір сілтепті «шизик» деп, 5 ағайынды Республиканың қамын қамдап Ойға қолдары жетпепті, Архив ата куәліктің мерзімі өтіп кеткенін айтып жібермепті… Сүмірейіп Ой анда сандалып, мында сандалып энергиясын тауысыпты да Пассив ауданына көшіп кетіпті.

Әлденіп Ой Пассив ауданынан қашып шыға беріпті, шыға беріпті. Вообщим, Миды ашуландырғаны сонша, Ми Ойды суырып алып, Бүкілденелік жиынға салыпты! Қуанышы қойнына симаған Ой жарылыпты да қалыпты, прикиньте… Ішінен шыққан Шешім деген көбелек типтес қанаттандыратын субъект Миға жаңа Белестерді көрсетіпті.

🙂 Журналистсымақпын* ғой, ойымды жай сөздермен жеткізе алмаймын. Айтайын дегенімді түсінген шығарсыз 🙂

* Түзету – 23.07.2009

Advertisements

ratingОбъект нөмірі: 55

Есімі: Салтанат

Жасы: 23

Өлшемдері: ***-**-*(см-кг-размер)

Мекен-жайы: Алматы қаласы, пәленбай-туленбай…

Телефондары: 87272******, 8777*******

Туған жері: Талды-Қорған

Елі: найман(!!!)

Танысу күні: **.**.200*

Қылықтары: қолын қалтасынан алмайды – айтары бар, көзіме қарамайды – айтып тастауы мүмкін, басын изей береді – айта алмаған ойларымен келіспегені болар, сағатына көп қарайды, сосын тез жүреді – «тезірек кетсем екен» деп тұрғаны ма, әлде тығыз шарусы бар ма?!…

Жоспар: бірнеше рет шығарып саламын, киноға, үйреншікті сценарий бойынша…

Бұл сияқты тесттерден өттіңіз бе? УПС, білмей жүрген де боларсыз… Микроскоппен «ісіңізді» зерттеп жатқанын білмейсіз-ау… Білмеген дұрыс шығар, білсең білмегенсіп жүру қиын екен… Сіздің де тестіңіз дайын болар?

Объект нөмірі: ***

Жасы: 25

Өлшемдері: ***-**-** (см-см-кг)

Мекен-жайы: Алматы қаласы, маған дейін 20 мин

Телефондары: 8700*******, 8777*******, 8702*******, 87272******(үй), 87272******(жұмыс), 8707*******

Туған жері: есімде жоқ

Елі: есімде жоқ

Танысу күні: **.**.200*, Балғырған блогы

Қылықтары: сағызын аузынан алмайды – күйіс қайыратын шығар, машинасын жақсы көреді – темінартір, жаны жоқ, киноның жылайтын жерінде жыламайды – тасжүрек, жолда жылдам жүреді – эгоист, аузы жабылмай сөйлей береді – эгоист, үш сағатта бір телефон соғады – сараң, қалжың көтермейді – қызықсыз, жұмысында проблема, үйінде проблема, бір жері ауырады та жүреді, ақшасы постоянно жоқ, машинасының ходовкасы «ақсайд» – лузер, тамақ істеу біледі – неткен керемет(!), қызтеке, трактор айдап үйреніпті – ТАМАША, жетпегені сол еді, болымсыз затқа жүгіреді…

Негізі, өтірігі көп анкетаға ұқсайды ма?! Психологияның қағидаларына сүйеніп қимыл, әрекеттеріңнің бәрін саралап, адамның ішкі дүниесін түсінуге болады ма?! Қандай әріптес/құрбы/дос/жар боларын байқауға болатын шығар, бірақ жүректің не деп тұрғанын қалай түсінсе болады… Болмайтын шығар… А болса ше?! Онда бәріміз бір-бір кітап құшақтап аса білімді болып кетер ма едік?!

Жалпы, адамның ішінде бір таразысы бар ғой… «мынау жақсы! мынау біртүрлі! мынау андай! мынау мындай!» деп топтап, рейтинг бойынша талдап тастайтын (сізде жоқ па?! онда сіз біртүрлі адамсыз!). «Адамдардың бәрі бірдей»,  «адамның жаман-жақсысы жоқ» дейді, сонда біз қандай принцип бойынша бір-бірімізбен араласамыз?! Э, ия… «ұқсас ұқсасқа тартылады»… ия ия… Физиканың «теріс-оң», «оң-теріс» дегені адам өмірінде келмейтіні есімнен шыға береді… Бірақ, «ұл-қыз», «ақ-қара», «шәй-сүт», «шоколад-қант», тағысын тағы мысалдар бір-бірімен қалай үйлесіп кетеді 🙂 Ойымды жалғастырсам, 1 сыныпта <=> деген таңбаларды үйрететін, бірақ бұл таңбаларды мағынасын сіз оған дейін де білетінсіз, жәй қағаздағы «түрін» мұғалима көрсетеді. Өсе, есее, сіз бұл таңбалармен қоштаспайды екенсіз, оны да білесіз… Адамдарды, оқиғаларды, кино болсын, әрекет болсын «Үлкен-Кіші-Тең» деп саралап, топтап, өз рейтінгіңізді жасайсыз… «Солай ма екен, олай емес пе екен» деп сұрап отырған шығарсыз өзіңізден… Мен де… Тарыдай шашырап кеткен ойымды жинай алмай қалдым… Түк түсінбесеңіз, кешірім өтінемін 🙂