Жан-айна, ренжімеңізші! Бірақ, айтпасқа болмайды!

Құрметті қазақ блогшылары, Жан-Айнаның блогы жайлы естігендеріңіз бар ма? Сәуірден бері келе жатқан блог екен, прикиньте… Өзі тіс жарып айтса жақсы ғой, бір ай бойы тып-тыныш жатқан! Оқырмансыз блог жетім(с) демекші…

Адамдар, жаңа блогқа кеттік…

Advertisements

7gifНе ғой… Мына әңгіме Жан-Айнанікі. «Блогыма жариялайыншы» деп сұрай алмай отыр едім, өзі «жарияласаңыз қарсы болмаймын» дегендей болды. Бірақ, мына туындының менің блогыма жариялануы «намысына» тиіп кетпес пе деп те ойлап едім(қарап отырсаңыз, шығармашылыққа, әдебиетке аса қатысы жоқ, тілі де тым қарапайым блог қой). Өзім үшін, үлкен МӘРТЕБЕ!

Баяғыда қыс патша тағынан түскісі келмей, билігін қолынан шығарғысы келмей, Көктемге орын бергісі келмей, елді біраз әуреге салыпты. Күллі жұрт көктемін аңсапты. Аң біткен көкке зар болып, күннің жылы шуағын күтіпті. Бәйшешек қара жердің бауырын түрткілеп, қашан еркіндік бересің деп мазасын алыпты. Қайдан білсін ол байқұс бұған кінәлі жер емес, Қыс екенін. Қыс та кәрін төгіп, қаһарланып, қарын қатайтып, сүңгіге айналдырып, одан әрі нығарлана түсіпті. Бірақ, «ештеңе де мәңгі емес» қой, бір күні Қыстың төл ұлы, ұлы мұрагері Қар қатты ауырыпты. Төсектен басын көтере алмай ауырыпты. Түрлі тәуіп, менмін деген мыңдаған бақсы да, емші де ештеңе жасай алмапты. Мүмкін олар қолдарынан келсе де, Қарды емдегісі келмеген болар, өйткені Қыстан әбден зәрезап болып бітті ғой. Сынақтан өте алмағандарды Қыс қылшылдаған аязымен үсітіп өлтіріпті. Сол уақытта біреу Түлкінің де емшілік қасиеті бар екенін айтады. Қыс бірден Түлкіге кісі шаптырып: «Қарды кім ажалдан алып қала алса, сол Қыстың суық мейіріміне бөленбек, Түлкі де келіп, бағын сынап көрсін!» – дейді. Емшілердің бәрі шетінен өліп жатқанын естіген Түлкі бұл тығырықтан шығар айла таба алмай әбден сасып, Қыстың алдына келеді. Қардың тамырын басып көрген ол: (толығырақ…)