Ашуым басылып, сабырлық оралып, өз сабама түстім… Бірақ, бар ашумен келген ойларым жоқ боп кетті… Бірдеңені түсіндім, бірақ нені екенін әзірге білмеймін…

Сіздермен бірге түсініп көрсем қалай қарайсыздар? Тек, күлмеуіңізді өтінемін…

Уақыт деген сөзді әркім әрқалай қабылдаса керек, әркімге оның құндылығы әртүрлі де. Уақыт дегенді «өмір» деп түсінсе қалай екен?! Енді қараңыз, сізбен бір уақытта кездесуге келістік. Сіз кездесуге бірер сағат қалғанда кездесуге келе алмайтыныңызды айтып хабарластыңыз. Сонда не болды дейсіз, сіз сізге бөлінген менің «өмірімнің бір мезетін»=уақытымды «жойдыңыз». Ия, дұрыс қой(!), бізге тәуелсіз жағдайлар да боп тұрады, оны да естен шығармаймыз ғой. Десе де, уақыт белгілемес бұрын басқа қосалқы жағдайларды есере отырып белгілеген дұрыс деп ойлаймын – өз уақытың мен өзгенің уақытына бармақтай болса да сый/сыйластық ретінде.

Енді, адамның уақытқа деген көзқарасы «өмірлік фазалардың» қайсыссында қалыптасады? Мен де бір күні ана болармын, сонда балама уақыттың не екенін қалай және қашан түсіндерер едім?! Ең бастысы, айтқаныма ісім сай болуы керек болар ия?! Бірінші «фазаларда» уақыт деген «қазір», «ертең», «сосын», «ерте-кеш», т.т сөздермен өлшенсе керек, кейін есею барысында өзің біле бастайсың ғой «2 сағат», «түнгі 1», «таңғы 4», т.т уақыт өлшемдерін. Ата-ананың рөлі қандай?! «Кешікпей кел» деген не? Бұл ой бұрын да болғандай/айтылғандай – дэжавю? 🙂

Бос уақыт… Дем-алысқа бөлінген уақыт деп түсінген дұрыс емес сияқты, біртүрлі. Бос уақыт – бос уақыт, ешкіммен, еш нәрсемен «толтырылмаған» уақыт. Сонысымен қызық та… Қалай жұмсаймын десең солай жұмсайсың – бос құмыра сияқты, немен толтырғаныңа байланысты өзіңе қайтады. Жәй мысал, артық уақытты дем аласқа/ұйқыға кетірдің – өзіңе пайдалы, шаршаған ми/дене тынығып қалады(сізден басқалар да дем алуы керек қой, анда-санда); кітап оқыдың – қазір пайдасы көрінбегенімен, сөз алысың, ой өрісің, тіпті білім деңгейінің өзгергенін бірер уақыт өте көресің; достарыңмен кездестің – көңіл көтердің, бар жиналған шеріңді шығардың, басқаның көзқарасын байқадың – өзіңмен салыстырдың; мексикан сабыноперасын қарадың – жылап-сықтап, ертесін ұмытып кеттің; тағысын тағы толып жатқан бос уақыттың қолданысы.  Ал, менің бос уақытым қайда кетіп жатыр?

Негізі бұл ойлар «өз уақытың» мен «өзге уақытының» арасындағы айырмашылықтан басталған еді.

Болды енді 🙂 Ары қарай қазбалаудың қажеті шамалы 🙂

Түсінгенім бұрыннан белгілі, өзіме де өзгеге де… Уақыт – қайтып оралмайды, сіздің де менің де 🙂 «Қазір» мен «тура қазірдің» ортасындағы баланста жүру деген қандай…

Advertisements

p1050231Қазір сенемін, бірақ сол күні сенер сенбесімді білмей тұр едім… Қобалжудан 2 түн ұйықтай алмаған поезд дүрсілінен тіпті ұйықтай алар емеспін… Дудут-тудут, дудут-тудуттан көршілердің пысылы естіледі… Қолдарды айқастыра басқа төсеп, «қашып» кеткен ұйқымды шақырар ойым да жоқ… Жақсы сапар болатынына, іштей сенімді едім…

Купеде үш адамбыз: мен, Пушист және Парсы. Жоқ, есімі Парсы емес, 2002 жылы шығыстану мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін бітірген, ех-әскери, бойшаң, сарғыш, әскери адамға жарспайтын ұзын шашты(шамамен, екі еліден асады), көзі үлкен да ашық қоңыртүсті… Бара жатқан қаламыздың «минус»-тарын тізе бастады… Сөзін естісеңіз, вагонан секіріп, «Қайдасың, туған қалам!» деп тайып тұрар ма едіңіз… Келісемін, сөзінің расы да бар боп шықты, бірақ… Құлақпен естінеше, бір рет көзбен көргеннің артығы 100 есе ғой… Сөйтіп, қала мәселесінен сырғып-сырғып қазақтың қазіргі жағдайына сөз жетті… «Сен тимесең – мен тиме» саясатымен жүретін адам боп шықты, соңында…

Көршінің сөзінен(жымиясыз ба күлесіз ба ерік өзіңізде, бәлкім өсекші дерсіз – маған «до лампочки»):

– қазақ неге жалқау деген сұрақтың жауабын Парсы айтты: атам-қазақ көшпелі болған. Бір қазақ ауылында ең аз дегенде 500 адам тұрады делік, мал бағуға – 10 адам (қойы бар, ірі-қарасы бар), тігінші – 3 адам(мүмкін одан да көп), ұста – 5 адам делік, т.т. сөйтіп ауыл тұрғындарының тіпті 1/10 бөлігі тұрақты жұмысы істейді деп болжайық. Қалған қазақ не істейді? Ет жейді де жатып ап ұйықтайды(одан сорақысын айтпағанына шүкір), жасы алты-бақан құрып, ән-думан құрады дейді, и то түнде… Сөйтіп, қазақ қанына еріншектік пен жалқаулық ген деңгейінде сіңіп кеткен дееейді….

– ғалымдар шошқа майын асқазан сөлі ыдырата алмай қанға сол қалпы өтіп, адам денесінде жиналатынын дәлелдеген екен. Орыстар шошқа етін жегендіктен біртүрлі иісі болады екен, пакістандықтар көп специй жегендіктен олардың да өзінше иісі болады… (заңды сұрақ, қазақтың да өз иісі бар… сонда біз қой я жылқы сасуымыз керек пе?);

– даққа толы шәугімге спрайт құйып қайнатса – дақтан түк қалмайды екен (разрушители легенд қайдасыңдар?);

–  адам қайтыс болған соң жаны жер астында қалады, уақыт келген кезде Жаратушы жандарды жоғары көтереді. Тірі кезінде Құдайға адал қызмет еткен пенделер «бала» ұйқыда болып, кәпірлер «дөңбекшіп» тыныш бола алмайды дейді Парсы мырза. Келетін уақыт – ақырзаман…

– ең жаман халық – еврей… Жаратушы, оларға талай пайғамбарларды жібереді… Бірі түзу жолға түсіре алмапты…

– т.т.

Таң ата жеттік… Жүрегім лүп-лүп… Ауа жетпейтіндей… Ел-жұрт шошытқандай қара суық жоқ 🙂 Айттым ғой, Астана жылы қарсы алады деп 🙂 Бейтаныс қалада өткен 3,5 күн жылы болды 🙂

Негізгі (Бәйтерек, Мега, Думан, Сарыарқа, архитектура «шедеврлары») объекттерге бардық-көрдік-қайттық… Ауыз көпіріп айтқанша өз көзіңізбен көруге кеңес берер едім.

Сенбі күні оң жақ жағалауды біраз араладық… Алматының ықшам-аудандарындай… Алматыға «топ» ете түскендей болдым… Ағаштары да, дүңгіршектері де, пәтерден жасалған дүкендер, аялдамалар, қоқыс… Айдан анық – сол жақ пен оң жақтың әлеуметтік деңгейлеріндегі айырмашылық…

Кетті! Өскеменге алғашқы, өз қолыммен жазған хатым кетті… Аман жет 🙂 Жауабы да аман келсін 🙂

Қорықпаған жалғыз осы А. болғандықтан, жауап жазуға өзімді міндетті санадым. Өзі туралы қысқаша мәлімет беріпті де, орысша жазуымды өтініпті. Не деймін!? Орысша жаздым. Кеше бір «жынды» кездесуге барған едім, эмоциялар деген тасып, бүкіл напорыммен/екпініммен жазып, жазып тастадым, қағазым шимай-шимай, сия-сия… Ұят болмаса болды 🙂 Егер, менің ұсынысымды қабыл алса «Фантазияны дамытайық 2/n» деген жазбалардың орысша нұсқалары жарияланады деген үміттемін.

Қағаз хат 3-4 күнде жеткізіледі дейді поштадағылар.

Поштаға барсам жабық екен-түскі ас. Есік алдында жас келіншек пен үстіне іле салған курткасы бар, халат киген апа. 15 минут үнсіздікте тұрамыз ба?! «сіздер құжат жібермекші шығарсыздар?» деп едім «ия ия» деп бастарын изеп, конверттерін көрсетеді. «Мен хат жібермекшімін, электронды поштам жоқтай, телефоным жоқтай, хат жаздым!»-енді әйтіп-бүйтіп сөз бастау керек қой – «ааАа» деген жауаптары маған ұнаңқырамады, үндемей қалдым. Апамыз «еееее біздің заманда…» деп бастады бір кезде. Оказывается 🙂 Апамыз, әскердегі жігіттерден хат алса, қателерін қызыл сиямен түзетіп қайта салып жібереді екен. «Ұнағандарына жауап жазамыз!» дейді. Осы жерде, ойлардың түр-түрі кетті… Ертең отырсам қып-қызыл хат алып… Есік алды бірінен соң бірі «жабық па не?!» деп келіп жатқан адамдарға толды… Әңгіменің ағыны басқа жаққа бұрылды: ауылдарға хаттардың жетпейтіні туралы айтты, байланыс министрінің жалақысы қандай екенін айтты, шет елге жіберген хатың Қазақстан бойынша жіберген хатыңнан тез жететінін айтты, хаттың адресатқа жету механизімі туралы да айтып үлгерді… Үлкендер жинала қалса сол ғой…

Жіберер алдында, хаттың сыртына «не обращай внимания на ошибки!» деп жаздым, қайдан білемін қандай жауап келетінін 🙂

Өмірімде жібермейтін хаттардың бірі:

«Қал-жағдайыңды сұрау міндет. Көру былай тұрсын, естуге де зар болдық. Өзің туралы бейхабармын. Өзімнен де еш хабар. Жұмыс-іссапар-тығыз уақыт, т.т. толып жатқан сылтау-бос әңгіме. Басты қатырып қайтемін. Сол бос сөздің бірін бастамақпын: шын айтамын қолым тимеді, телефонда көк тиын да жоқ, жұмыстан жұмыс-әбіржіп кеттім, жұмыс-үй-жұмыс, одан қалса агент, интернет, блог…

Шындыққа жұғыспайды?!

Ал, мынау: емтихан, миымнан бастап, жүрегімді жаулап алды. Нәтижесін білмейінше, мен жоқпын, аспан асты, жер үсті қалқып жүремін. Мидағы блокираторлар қирап, «үрей» жүректен бір-ақ шықты. «Кітап құрты», «қағаз табынушысы» атанудан ми мен жүрек ортасында бір-ақ «реле» ұстап тұр: кернеу артып ол «ұшса» – күнім не боларын ойлауға жоқпын.

Қалай? шындыққа ұқсайды ма?

Ия, дұрыс… бес жылда еш емтиханнан құламаған… ЖОҚҚҚ өтірік айту мақсат емес. Сағынышымды жеткізейін десем қу «реле» өз дегеніне салып, өз әнін шырқауда. Жүректен шыққанды миға жеткізбей, «дРРР!» деп қойып. Әр дайым қосулы тұратыны да таң қалдырмайды. Бастапқы программалардың ақауы болар. Сырттан «возмущение» болмаса, қозғалмайды. Табиғат берген «саморегулирование» деген де «өшкен».

Амандықпен жүздескенше!»

ЭХ… мен туралы бәрін біліп қоятын болдыңдар-ау…

Жыным ұстайтын жайттар:

музыка: 8-қабатта тұратын Витяның барабанда (скрипка емес) ойнап үйрену сабақтары

спорт түрі: мұзға шарды сырғанатады да, жолын тез-тез тазалай бастайды… атын да білмеймін… жүгіре жөнелетіндеріне қарап тұрып жыным келеді

фото: баттитып, табақтай ғып беті ғана түсірілген (Сымбат саған емес)

мессенджер: ол не?

әрекет: автобуста жүріп көрген адам біледі, ары қарай өтпей тура жолдың үстіне тұрып алу! Қаным көзіме шапшып кетеді!!!

ер азаматтар: білмейтін затын білетіндей түсіндіретін қасиеттілер

кино: кия-кия… татарс-парс-парс… ду-ду-ду-дуф

жеміс: грейпфрукт

жұмыс: еден жуу…

сөз: әңгімеңді айтып жатасың сосын, тыңдаушың «аАа» десе… МАМММААА өзімді әзер ұстап қаламын

киім үлгісі: ернін қып-қызылмен бояу, сары куртка, жасыл шаблар, қызыл сандал (Айко сен туралы емес), сосын ақ сөмке. Алматыда осында светофорлардан көз ашылмайды

сұрақ: не істеп отырсың?

сыйлық: букет гүл… романтик деп ойламаңдар, бірақ бір құшақ гүл бір тал жауқазынға жетпейді

Бітті!!! Есіңді ЖИ!!! Жүрек, тұра тұршы жағаласпай!!! Асықпа, саспа … тааак … еден-20°-30°-45° … давай-давай… тАк белге жеттің, малатес!!! Енді шутъ-шутъ қалды… көкірек-иек… УРА!!! КӨЗ! тааак сабыр сақта!!! Жыми! ЕСТЬ!!! Есть КОНТАКТ!!!

«Психологическая утопия» – вот так охарактеризовала этот фильм мой друг, с первых минут повторявшая «Салта, давай уйдем, а…». А я все ждала «… вот щас… щас… щас… вот он смысл, вот он просвет … ща ща ща…» а его все нет и нет…

Фильм начался с философских размышлений главного героя о жизни. но НО… через 10-20 минут была очень РАЗОЧАРОВАНА.

Искала смысл в каждом слове героев. Возможно, лет через 10, просмотрев этот же фильм, я смогу сказать больше, но сейчас, после просмотра фильма в первый раз, у меня в голове только 3 ключевых слова:

– старость (жажда жизни);

– одиночество (страх);

– семья (фундамент).

Что есть старость? – Это то над чем ты всю жизнь трудишься.

Что есть одиночество? – Это то чего ты себя лишил.

Что есть семья? – Это лишенная одиночества старость.

Мы так и не досмотрели фильм до конца…

Мир не идеален, мы не ИДЕАЛЬНЫ…