Рэ́йки (яп. 霊気), Рейки — это духовная практика, основанная в 1922 году японским буддистом Микао Усуи (англ. Usui Mikao). (Википедия)

Психотерапевт (әйел адам) деп жіберген адам рейкидің мастері екен. Йогамен, психотерапиямен, рейкимен айналысады. Сөз басталғаннан бір сұрақ қойып тығырыққа тіреп тастады: «Сен өз өміріңде өзіңді қалай сезінесің?». Қалай сезінемін?… Мен өз өмірімде кіммін, вообще?

Түсіндіруге тырысты, әр түрлі өмірден (жалпы, өз өмірінен) мысалдар келтірді.

Соңында рейки жасады: шалқадан түсіп жаттым, алдымен көзіме қолдарын қойды. Ештеңе ойламауға тырыстым. Іштей «Рейки деген не?» деп сұрасаң жауап келеді екен кейбір адамдарға. Маған келмеді, содан өзімнің ішкі сезімдеріме көшіп кеткенде, самайым шытынап сынып кеткендей болды. Көздерімнен алақандарын алып, самайға қойды. Мүмкін энергия ағымдары тым нәзік, тым тылсым шығар – ештеңе сезбедім (терім/аурам қалың ғой деймін). Содан қолдарын иығыма қойды – алақандары ыстық екен. Сол кезде ұйықтап кетіппін. Қолдарын алғанда – ояндым. «Енді не сезінесің?» дейді. Сенесіз ба, басымда жарты ой да қалмаған. Өтірік айта алмадым, сол моменттегі бар шындығым сол болды – ешқандай сезім жоқ, ешқандай тұжырым жоқ, қабірдегідей тыныштық. Қорқынышты, ия?!

Рейки – дін емес. Жалпы, дінге қатысты үш бағыт десек те болар бар дейді: бірі – «ресми» мешіттердегі, храмдардағы, т.т., екіншісі – секталар, өте қауіпті (Құдай сақтасын), үшінші – осы, рухани даму, баю.

Ақпарат легі күшті болғаны сондай, сол кісіден шыққаннан кейін басым қазандай боп кетті: ойымды бір ретке келтіру қиын болды.

Психотерапевттің 4 сағат сөйлегенінен:

– Немқұрайлық – өліммен тең. Немқұрайлықтан тіпті «жек көру» артық екен.

– Су – махаббат, ауа – ақыл-ес. (Күні бойы жүріп келгенмін, аяғым шылқ-шылқ су болған, содан шай төгіп алдым үстіме. Сонда, «психотерапевт»: «саған махаббат ұмтылады екен» дейді, біртүрлі қызық екен… Қандай махаббат екен маған жете алмай жүрген ))))) (қыз емес шығар, надеюсь)

– Ішіңде (жаныңда, миыңда, т.т) туған сұрақты айтып тұру керек, жазып тұру керек, әсіресе ер адамдарға 🙂 олар біздің (нәзік жандылардың) ойымызды оқып үйренбеген ғой әлі.

– Өзіңнің қара басыңның жағдайын ойлап, басқа адамдардың іс-әрекетіне әсер етпеу керек екен.

– Жан-дүниедегі өзгерістер сырт бейне-пішініңе тікелей әсер етеді екен.

– Адам ол – физикалық денесі. Адам ол – жан-дүниесі. Адам ол – рух. Рухы мықты адамның жан-дүниесі де ден-саулығы да мықты болады екен.

– Адамның «МЕН» дегені әртүрлі энергиялық жеті қабаттың астында екен. Ал, тауып көр «өзіңді»?!

– Кез-келген эмоция бей жай кетпейді. Сыртқа шықпаған энергия жиналып, жиналып бір ауруға әкелуі мүмкін.

– Энергиямен жасалған дүние ұзаққа барады. т.т

Күмән пайда болды:

1) инициация алу (рейки мүшесі болу үшін) үшін ақша төлейсің, содан сетевой маркетинг па деп қалдым. Психотерапевттің күлкісі қатты шықты :)…

2) адам ойлап тапқандықтан бір күмәнім бар. Шын, өтірігін қалай білемін?!

Әрине, бұрыннан белгілі дүниелер және миыма «керек» деген ақпаратты ғана сақтайтындықтан, көп әңгіме сол жерде қалды.

Әрине, «күмәндарым» күшті болғандықтан көп ақпаратты қабылдамадым.

Әрине, менің жан-дүниемдегі бар құбылыстарды шеше алмады (өзім шеше алмай жүргенде, басқа адам шешіп береді дегенге сенбеймін), ол туралы сөз қозғаған да жоқпыз. «Психоанализ» дегеннің маңы тұрмақ, шаңына жоламадық.

Әрине, ол кісі менен 4 сағаты үшін тиын-тебен алуы керек еді, бірақ алмады.

Әрине, барлық қиындық бірінші мида, сосын өмірде пайда болады.

Әрине, әр адам өз таңдауына өзі ғана жауапты.

Әрине, ешкімге ешкім міндетті емес.

Әрине, әр адам бақытқа лайық.

Advertisements