Жаңа жылдың бір айы өтіп кетсе де, 2010 жыл менің өміріме талай-талай өзгерістер енгізді, 2011 де неше түрліні дайындап қойған сыңайлы…

54 жазба Балғырғанға жазыппын;

31 жазба Қолөнерге жазыппын;

18 рет блогшылармен кездесіппін;

16 рет йогаға, 12 рет аэробикаға, 2 рет вокалға барыппын;

6 рет жұмыс ауыстырыппын;

6 рет агент арқылы танысқан жігіттермен кездесіппін (бірімен әңгімеміз жараспады);

4 рет сыныптастарыммен кездесіппін;

2 рет «Хабар» телеарнасынан көрсеттіліппін;

2 кітапты бастан-аяқ оқыппын;

2 рет басқа қалаға барыппын;

1 рет 5 жыл көрмеген құрбыммен кездесіппін де, «қайта 5 жылғы жоқ болсам ба?» деп ойланыппын;

1 рет жүрегім жарылыпты да, енді жібіместей қатып қалыпты;

0 рет шетелге шығыппын;

0 рет тұрмыс құрыппын;

0 бала туыппын;

0 кітап жазыппын;

0 тіл үйреніппін;

0 жоба жасаппын.

Сонымен бітті… Бір жылда жеткен «жетістіктерім» осы ғана … 2010-ға өкпем жоқ, 2011-ді құшақ жая қарсы алып алдым 🙂

Advertisements