Так вот 🙂

Екі күн мұғалім болып көрдім 🙂 Елестете аласыз ба? Балалардың басын жинай алмай қаламын ба деп ойлағанмын. Ниче, 3-і курс  студенттері ақылдары толықсыған, балалықты қойған, әп-әдемі бозбалалар мен бойжеткендер екен 🙂

Ойнап бардым демеймін…

Ертең сабақ деген күні негізгі жұмысымды реттеп кетейін деп кеш шықтым. Үйге келсем – свет жоқ, ыстық су жоқ, декоративті майшамдармен қарсы алды сіңлім, қалғандары ұйықтап қалған. Шамдары бар болсын – сығырайып, сабаққа дайындалуға еш мүмкіндік болмады 🙂

Өзім оқыған кафедра болғандықтан, бәрін толықтай түсіндірмеді де. Бұрыннан келе жатқан мұғалімдер жылы қарсы алды, ал кейіннен қосылғандары – біртүрлі жоғарыдан қарайды ма, қызық…

Бірінші сабақ. 8.20. Қазақ тобы.

Өзімді таныстыруды ұмытып кетіппін де, «апай, апай!» деп жамырап кетті. 8 адамды төрт бригадаға бөліп тастадым. Зертханалық жұмыс жазылған кітапшаны оқымай суреттеріне қарап жасап кетеді де «апай, апай, чет не получается» деп отырып алады. О тоба!!! Бір айтқанымды төрт рет қайталататын сияқты – «қоя ғой»… «Балалар!» деп бастадым да (блин! мен тура солай айттым ба, ма-ма әлі сене алмаймын!!!), бәрі маған қарағанда аузыма сөз түспей қалады ма деп едім, ниче… Кітапшада не жазылғанын айтып бердім (соны өздері оқып алатын балалар ғой).

Сабақ аяқталғанға қарай, тағы сұрақтар: «апай, отчет қалай жазамыз?», «апай, қалай қорғаймыз?», «апай?», «апай?», «апай?»…

Үшінші сабақ.

Әртүрлі екі факультеттің студенттері бір зертханалық бөлмеде болды. Қай факультеттің студенті болмаса да, әйтеу біреуі менің қалтафонымды зып еткізді… Ия, ия… мен-аңқаумын…

Сөйтіп, бірінші күн зу етті. Екінші күн еш приключениесіз өтті де кетті.

Мұғалімдікті алып кете алар едім, бірақ… Бар бәленің бәрі өзімнен 🙂

Advertisements