Ескі футболка, юбка, кофтаны аласың, жағалы болса жағасын қайшымен қиып алып тастайсың (алмаса – жаман болады: ырым-жырым бойынша), тіпті бар ғой ескі орамалды алсаң да болады. Тегешке (тазик) су краннан немесе құдықтан су құясың (жылысы болса жылысын, жоқ болса суықты жылытасың: элементарно). Содан жуатын ауданға бір көз жүгіртесің: қай жерден бастасаң жуған жеріңді таптамайсың. И, сол жерге қарама-қарсы тегешті қоясың. Дайындаған тряпканы тегештегі суға салып жақсылап тұрып сулайсың. Суын сорғалатып еден жумайсың ғой, сондықтан оны сығасың: тряпканың ортасынан оң қолман (солақай бослаң сол қолмен) жоғары көтересің, екінші қолмен тряпканың екінші ұшынан ұстайсың да бір қолың сағат тілінің бағытымен, екінші қолың сағат тіліне қарсы әлің жеткенше бұрайсың. Әдетте, еденді екі рет сүртеді: бірінші – шаңын жинап, екінші рет –  сатал-сатал болған еденді жалтыратады. Ну егер еден жылдап жуылмаса, бірінші жуғанның орнына сыпырып алу керек дейді тәжірибелі Күлмауалар(Золушка). По обстоятельству қарайсың ғой, очм.

Так, бастайтын жерге барасың. Тряпканы ұмытпа. Еденге жаясың. Тізерлейсің. Тряпка ұзын болса – ортасына, қысқалау болса – шетіне қолдарыңды қоясың. Тізелер қозғалмайды. Оңнан солға алақанмен тряпканы еденге басып, ойша 8 жасағандай жүргізгеннен кейін, тізеңді келесі жуатын ауданға қарай қозғайсың: тряпканы еденнен көтеру міндетті емес, себебі қоқым-соқымды шашып алуың мүмкін.

Негізі бұдан ауырлау, бірақ тез әдісі бар, тізені бүкпейсің: қолдарың тряпкада, табаның еденде болады. Қимылдардың бәрі екінші абзацтағыдай.

Шынымды айтсам, одан да жеңіл әдісі бар: еден жуатын шаңсорғыш. Бірақ, он екі мүшесі түгел қызға (әйелге) оның қажеті не?!

Көбірек қимылдаңдар, адамдар 🙂

Advertisements