Себеп: ден-саулық үшін пайдалы, жастан сақтамаса кейін кеш болады. Ал, шындығында көктемде құрбымның тойы, соған фигураны жинайық деп жазылдық. (Біз сондаймыз ғой, қайтеміз енді 🙂 )

Құрбымның мені қайда жазғанын білмедім.

Бірінші күні степ-аэробика болады екен. Тв-дан көргенім болмаса… Адам қырғын… «Ввысь, левая, правая, степ, бла бла бла»… Айнаға өзіңе қарап қарап қоясың, басқалармен салыстырып та қоясың… Дұрыс шықпай жатса: «бірінші рет қой» деп өзіңді өзің алдап, жұбатып дегендей… Бір сағаттан кейін… Айнаға қарауға мұрша жоқ… Еще тренер «ТЕРПЕТЬ!!! Ноги держать!!! Восемь! Семь! …. » деп айғалайды… Елкины, қайдамын? … Аяғың дір-дір етіп, пресс дір-дір, бір кезде уже, басың дір-дір ете бастайды… Білмеймін, елде қалайын, өзім әзер шыдамадым…

Құрбым екеуміз де сергек шықтық… Бірақ… Ертесін… Эх…

Айтпағым, денсаулық кепілі – дұрыс тамақтану мен спорт (+басқа да факторлар) 🙂 Деніміз сау, көңіліміз көтеріңкі болсын, ағайын 🙂

Advertisements