Азаматтық неке… Айтып, айтып жауыр болған шығар, менің айналып өтетін тақырыптарымның қатарында еді 😦 Енді, менің достарымның басына түскен жағдай болып тұрғаны…

Жігіт – қарапайым мұғалімдер жанұясынан шыққан қазақтың қарасы.

Қыз – хохол-әкесі мен қазақ-анасынан жастай айрылған қыз.

Бірге тұратындарына бірер айлар болған.  Жігіттің әкесі келеді де тыныш өмірлерін шайқап жібереді… «Таста мына қызыңды» деп әкесі ауылына кетеді, бітті… Жігітте не амал қалды???

Менің ата-анам осындай оқиғаларға қалай қарайды екен деп анама айтып көріп едім… «Отбасының шаруасына ессіз араласады» деген сияқты бірдеңе айтты, бітті… Одан әрі қазбаламадым…

Азаматтық неке деген бір тыйым салынған, ел-жұртқа айтуға болмайтын жайт сияқты болып көрінеді. Жігіттің ата-анасы неге сонша қарсы болды екен… Үлкендерді түсіну қиын, ия?!

Advertisements