«Қазақтілді ақпарат тәжірибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу»
тақырыбында семинар-тренинг өтеді.

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Сорос Қазақстан қоры мен
ЕҚЫҰ-ның (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) Алматыдағы
өкілдігінің қолдауымен «Қазақтілді ақпарат тәжірибесіне жаңа медиа
технологияларын енгізу» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг
өткізбек.

Семинар-тренинг мақсаты: күнделікті өмірімізге ақпарат
технологияларының жылдам қарқынмен еніп келе жатқандығы анық. Интернет
бүгінде әрбір үйдің төрінен табылатын болды. Бірақ, қазақтілді ақпарат
ІТ технологияны қолдану жағынан кенже қалып отырғаны мәлім. Әрине,
республикалық қазақтілді ақпарат құралдарының көбінің интернет нұсқасы
жұмыс істейді. Бірақ, бұл қағаздағы нұсқаның көшірмесі ғана. Аталған
интернет басылымдарда оқырманмен кері байланыс, аудио және видео файл
орнату, ақпараттардың аңдатпасын мобильді телефондарға жіберу секілді
қосымша қызметтерді пайдалану ісі кенже қалып келеді. Екі күндік
семинар-тренингі осы бір олқылықтың орнын толтыруды көздеуде.

Семинар-тренингке Қазақстанның әр түкпірінен 16 және Алматы қаласынан
9 тыңдаушы шақырылмақ. Тренинге қатысамын деген үміткерлер «Жаңа медиа
және қазақ басылымы», «Блоггер болғым келеді» тақырыптарында мақала
жазып, «Minber.kz» ұлттық интернет газетіне жолдауы тиіс. Жазбалар
мына мекен-жай бойынша қабылднады: minber.kz@gmail.com

Бұл мақалаңыз арқылы сіз жаңа медиа проблемаларын қаншалықты
түсінетіндігіңіз және тақырыпқа қаншалықты ынталы екендігіңіз
анықталады. Бұдан соң, әрбір қатысушыға арнайы сауалнама парағы
жолданады. Сауаланама парағына қатысушылар өздері жайлы мәліметтерін
енгізуі тиіс.
Сол арқылы біз семинар тренингке қатысушыларды іріктейміз.
Семинар-тренинг маусым айының ортасына қарай Алматы қаласында
өткізіледі.

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы
www.minber.kz
minber.kz@gmail.com

Advertisements