Үш түрлі мектепте оқыдым: ауылдың қарапайым болғанда қарапайым мектебі, қаланың жай мектебі, қаланың ерекше мектебі.

Үш мектептің түлектері үш түрлі…

Соңынан бастайын, ерекшелерге арналған мектептің түлектері бір-бірімен тіпті араласпайды екен. Біздің ғана сынып ұйымшыл емес деп ойласам, қалған 5 сыныптың түлектері де сол екен. Себебі, оқу кезінде бәсекелестік қатты болды. Нашар оқысаң, әрі нашар киінсең – сенен «төмен» адам жоқ еді, ондайлар бұндай мектепте көпке дейін жүрмейтін, ары кетсе 2 ай. Нашар оқысаң да, жақсы киініп, асханадан тамақ жеп, машинамен келіп, машинамен қайтсаң – О, сен онда почти құдайсың. Жақсы оқысаң, нашар киінсең де – сені құрметтейді, плинтустан жоғары екеніңді көрсетіп қояды. Жақсы оқысаң, жақсы киінсең, т.т. – сен «почти» емес, құдайдың өзісің, мұғалімдер де, оқушылар да сені жақсы көреді. Әрине, мінез деген өз алдына. Мінез болса, топтар арасында «секіріп» жүре бересің.

Жай, орта мектеп оқушылары. Оқитын, бір бірімен жарысатын жағдай жоқ. Қыдыру мен уақыт өткізуден бастары ауырып… Әрине, бұндай мектептерде сабақ 9-ы сыныптан кейін сабақ емес, бір бірін түгендеу болады. Сыныптағылар 2-ге бөлінеді: үздіктер, солардан көшіретін үштіктер. Қыдырғанда (ішкенде деп оқыңыз) үздіктер үштіктерге дос емес. Десе де, олардың адами қасиеттерді ерекшелерге арналған мектептен жоғары деп ойлаймын.

Бұл менің ойым.

22 наурызда жай мектептің (9-ы сыныптан кейін көрмегенмін, әрі 3-ақ жыл оқыдым олармен) түлектерімен кездесу болды. 2 сағат күттіргені болсама, былай мықты кездесу болды. Ұйымдастырушының біліктігі ма екен 🙂

Таңғы алтыда мектепке бардық. Мектептің иісі естеріңізде ме? Еш өзгермеген ғой. Көңіл толқыды ма, жүрек елжіреді ма, білмедім, бірақ ән айттық, шаршап өліп тұрсақ та (өліп мас болды деп ойламаңыз). Жастар жиналған жерде караокесіз ән айтқанды бірінші көруім. ҚАТТЫ болғанда ҚАТТЫ ұнады.

Келесі кездесу – 25 мамыр.

Advertisements