Жетісудың жеті өзені де өз арналарынан шығып бара жатқан сияқты. 13 наурызда болған оқиғадан кейін, тіпті қорқынышты.

Көкиірімнің арнасы көтеріліпті, ар жағында Лепсі өзені, Жалаңашкөл, бер жағында Қаратал, Сарканд өзендері… Ауыл тұрғындары буынып-түйініп отыр деген хабар жетті ауылдан. Мектептегі сабақтар 30 минуттан екен. «Үйлерінен алыс кетпеңдер» деп бәріне ескертіпті.

8 наурыз қарсаңында қар жауғанын білемін, күн кұрт жылып кетсе, қар лезде еріп су тасқыны болу ықтималдылығы артады емес пе… Ақырындап еріп, жерге сіңіп кетсе жақсы болар еді.

Қызыл ағашта қайтыс болған адамдардың жанұяларына сабырлық тілеймін. Қаза болғандар саны 200-ден асты деген сыбыс жетті бізге 😦

Advertisements