Мысалы, «Он күнде n бетті m теңгеге аудару» деген мүмкіндік сияқты, ия?! Ешкімнің ала жібін аттамайсың, өз миыңмен, еңбектеніп ақша табасың дегендей. Бос уақытың болса, неге көрмеске? Сөйтіп жүріп, аферисттерге тап болдым (қалай тап болдым, ол ұзақ әңгіме) ба деп күдіктеніп отырмын.

Біріншіден, аударманы даладан келген аудармашыларға берді/берген. Тексерілмеген, бірін білсе бірін білмейді. Білім деңгейі, квалификациясы, тәжірибесі, мүмкіндіктері мен қабілеті, т.т.

Екіншіден, барлық аударма бір тематикада. Аудармашылар әуесқой болғандықтан, барлығы әртүрлі баламаларды қолданған. Бәрін біргелкі қылу үшін, тағы қосымша уақыт керек, солай ғой… Аударып қойғаныңды қайта өзгертесің,  мәтін мың құбылады. Ал, о бастан бір тізім болмаған, талаптар дегендей.

Үшіншіден, уақыт тапшылығы. Тез-тез аударғанда қандай сапа болады екен? Орысшаны қазақшалап, өтірік-өтірік аударса не қалад 😦

Төртіншіден, договор. Ол туралы басында бір сөз болмаған. Енді келіп, «қол қой» дейді. «Егер аудармашы кесірінен фирмаға/компанияға сөз келсе, материалдық шығындарға «кіріп кетсе», барлық шығынды аудармашы өз мойнына алады» делінген пункт бар. Ондайды білгенде, мен – кәсіби аудармашы болмай, алар ма едім ондай жауапкершілікті?! Аударып болғанда, кері қайтар жол жоқ болғанда айтқандары да күдікті 😦 Тіпті күдікті емес айланың бір түрі шығар, қулық десем бе…

Бесіншіден, тексерушілер мен тексеру әдісі. Түсіндіре алмаймын, бірақ біртүрлі :))) бұл салада болмағандықтан ба, бәрі бір қызық…

Бағана, РЕНтв-дан көрсетіп жатыр бағдарлама «литературные рабы» деген атпен. Тура менің жағдайым сияқты екен: сжатые сроки, большие деньги и горе переводчики/писатели.

Жағдайым менің осындай.

Advertisements