«Шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма» дейді ғой…

Өмірде кездейсоқ ештеңе болмайтынына көзім жетті 🙂 Сондықтан, семинарға баруды көп ойланбадым да 🙂

Ұйымдастырушылар: minber.kz және adilsoz.kz.

Қатысушылар: Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің тарих және журналистика, сосын филология факультеттерінің я институттарының(ол жағын қақпайм, шынымды айтсам) студенттері, газет-журналдардың тілшілері/журналисттері, блоггерлер,  заңгерлер, филолог, т.т.(барлығы есімде қалмапты). Былай тізім ұзындау болғанымен, адам аздау болды 😦 Журналисттер өздері үшін жасалған шарадан қалып жүретін сияқты болад та тұрад…

Не қызық: білмейтін адамға(мысалы, мен сияқты) – бәрі қызық, білетіндерге де артық болмас еді. Мүмкін бұрыннан шашырап жүрген ойларыңыз болса жинақтауға мүмкіндік беретін сияқты 🙂 Өзіңізге идеялас/ниеттес адам тобы құрылар ма ед… Тіпті бар ғой, өз ісінің мамандарын көргенде қарның тойып қалады ғой, сол кісілерді тыңдап қайтқанның өзі – бағасы жоқ тәжірибе болар…

Семинардың видео нұсқасы үшін Бөтеев Болат ағамызға бәріміз риза, алғысымыз шексіз болуы керек шығар…

Advertisements