Бір үйге қонақ келіпті. Үй иелері қошемет көрсетпек болып ет асыпты. Қонақтың көзінше үй иесінің бәйбішесі келіп етке тұз салып кетіпті, келіні келіп тағы тұз сапты, содан қонақ та қарап тұрмай тұз қосыпты. Сөйтіп енді дастархан басына жиналғандағылардың бірі ет жей алмапты, сорпасы былай тұрғанда. Сонда қонақ былай деген екен:

– Бәйбіше салды қос уыс, келін салды бір уыс, қонақ салды кері уыс

Нұрж әжеме көмектесіп, жуындырады. Бір шыныға жететіндей суды отқа қояды, қайнай сала әжеме ап кетед. Мен оны білмейм, толтырып су тағы қоямын да, құлақты тығып ап Хаусты қарап отыра берем. Нұрж ваннаны жинауға кетед, о арада әженің шайы бітед. Көзге түскен Гүлекке бір шыны шай тапсырад. Ол барад та пеште тұрған шаугімнен құя сап апарып беред. Әже шыж-быж. «Суп-суық шайың не мынау» деп Гүлекке ұрсад. Гүлек ағыл-тегіл ақталад. Салтанат дым естімейд, отырған қалпы отыра беред. Бір кезде суық шайы біткен әже Тв қарап отырған Джандрға «шай!» дейд. Джандр барып, пеште тұрған сол шаугімнен тағы құяд та апарып беред. Әже ең құрығанда жылы шайға қолы жеткеніне мәз болад.

Ваннадан әлі құрып шыққан әже түнде ештеңе дей алмай, таң атпай бәрімізге ұрсад. «Үш қызым үш түрлі шай әкегені нес! Нұрж(естественно, өз атын атайд) әп-әйбәп ыстық шай әкелд, Гүлек(естественно, өз атын атайд) тап-тастай шай әкеліп қатырд. Джандр(естественно, өз атын атайд) жылы шай әкелд».

Мен тымпиып отырым :))) Гүлек, Джандр бәрі «Әже, пеште тұрған шаугімнен алдық», әже одан сайын жынданады, «е, әкем-оу… бір шаугімнің шайы қалай үш түрлі болад» деп :))))

Бәрі орын-орнына келген соң, әжем жоғарыда тұрған, бірінші әңгімені айтты 🙂

Сол, ағайын! Үлкендердің көңіліне көңіл аудара жүрейік 🙂

Advertisements