«Доктор Хаус» 6 сезонды сериал, әрбір сезонда 24 сериядан, әрбір серия 35-40 минут*. Уақытымды аямаймын ба? Басқаға жұмсамаймын ба одан да? Пайдалы іс бітірмеймін ба? Доктор Хаус – пайдасыз деп айта алмас едім. Медицинадан хабары бар адамдарға тіптен қызық болуы керек, ал маған ұжымдағы жұмыс, нағыз маманның жүріс-тұрысы, қабылданатын шешімдер мен сол шешімдерге әкелген логика, адамдарың қарым-қатынасы қызық.

Грегори Хаус(Хью Лори) мінез десе мінезі бар адам. Өз ісін жетік білетін адамдарың интуициясы дамыған болад дейді ғой(опять я за свое). Бастық ретінде қабылдайтын шешімдері – менің бастықтарымнын түсіне де кіріп шықпаған шығар.

Пысы: онлайн сілтеме берген досыма көп рахмет айтамын 😉 Маған әлі 4 сезонын қарау керек, бар болғаны 4320 минут, 72 сағат, 3 күн :))

*- шамамен, жуықтап

Advertisements