2009 жылы бірнеше пост жазылмай «шимайлар» арасында жатқан. Жариялап құтылайн деп отырмын. Жаңа жылда тек жаңа посттар мен жаңа деңгейге жеткізсін 🙂———————————————————————————————————————————

Мария Склодовская-Кюри 1867 жылы 7 қарашада Варшавада орыс гимназиясының мұғалімінің жанұясында туылған. Анасы да мұғалім болған. 16 жасында орыс гимназиясын алтын медальмен бітіріп, отбасы жағдаймен білімін жалғастыра алмайды. Ауқатты үйлердің балаларына сабақ бере бастайды.

1890 жылы үлкен әпкесі тұрмысқа шығып Марияны Парижге шақыртады. Сол жақта Мария Париждің атақты университеті – Сорбоннаға оқуға түседі.

1893 жылы 26 жасында физика факультетін бітіріп қоймай өз түлегіндегі ең үздік болады. Бір жыл салып математика факультетін тамамдайды…

———————————————————————————————————————

Корпоративті кеш

Дұрыс ойлайсыз! Қызметте жүрген компанияма 12 жыл толғанына орай корпоративті кеш ұйымдастырды 🙂 Бүкіл коллективті бір жерде, бір үстел үстінде, бәрімен стакан соғыстыруды 2 жыл ішінде 2-рет көріп тұрғаным.

Ал енді қателесесіз, жиынның қалай өткені туралы айтпайм 🙂

Корпоративті кештер туралы бірнеше материал оқып, өз сөзіммен жазбақ болып «оқталып» едім, қатты ойланып, бірнеше күн «думка»-ның ауылы асып кеттім 🙂 «Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен» дегендей, өзіме «қызық» дегендерді аударып отырмын:

Корпоративті кештерді ұжымның бастықпен, я бастықтармен бейресми әңгіме-думан құру мүмкіндігі, ұжымды біріктіретін байланыс құралдырының бастысы деп қарау керек. Бірақ БІРАҚ, корпоративті(ұжымдық) кештер мансап баспалдағымен жоғары өрмелеушілер үшін дем алыс емес-жұмыстың жалғасы!

Ұжым – үлкен механизм. Еш ақау болмай, сағат тіліндей тық-тық деп тұрғаны ұжым басшылығына байланысты. Бастық болу оңай еместігін түсінемін, алайда, бастық бола тұрып жай, қарапайым қызметкерлерді елемейтіндіктерін түсінбеймін. Ұжым тарыдай шашылып, бірінің сөзін бірі естімегендігінен, жауапкершілік бірінен біріне ауытқып тұрады да жұмыс/жоба сапасы төмендейді.

——————————————————————————————————————————–

БАЛ!

«Бал» сөзі европалық тілдерден аударғанда «билеу» деген мағынада екен. Алайда, бұл тек қана би емес, терең мағынасы да бар. Ертеректе елдерің осындай балдарда таныс тапқан.

Француз және бургун «патшалығында» басталады дейді балдар тарихы. Сөйтіп, 1385 жылы Амьене қаласында Карл IV және Изабелла Баравскаяның неке қиюына орай бірінші бал өткізілген екен.

Балдарды дамытуға үлкен үлес қосқан Мария Медичи және Генрих IV. Людвик XIV кезінде қазіргі біз білетін балдар қалыптасқан. Бал мәдениетінің қалыптасуына Францияның рөлі зор.

1715 жылы Париж қаласында опера театрының ғимаратында балдар өтіле бастайды, және де орта сословиенің өкілдеріне осындай ғажап шараға қатысу мүмкіндігін алады.

толық ақпарат

——————————————————————————————————————————–

Кеңестер

***

Ақша алып, бір жолығып міне жартысы келесі жартысын біраздан соң берем деп алдап кетуге болад 🙂 Кейбір адамдарың миы солай қабылдайды: «ол маған берешек еді» деп, жартысын бергенде барлық берешегін қайтарғандай болад миға, уот…

***

Аяғыңыз шылқ-шылқ су болып кетсе, пакеттерден чешкі жасап алып(яғни, аяқтың басы сиятындай полителенді қысқарту) нәскидің ішінен су өткізбейтіндей киіп алу.

***

Автобустың артқы есігінің жанында тұрып, жаныңыздағы үлкендеу, даусы зор сияқты адамға «тоқтатсын деп айтыңызшы» деп сізге керек жерде тоқтатып алуға болады.

***

Кроссовкіні тіс жуатын пастамен ағартуға болады дейді…

***

Жұмыс орныңыз тап-тинақтай болса, бастықтар «жұмысыңыз аз екен» деп ойлап, жұмыс үстіне жұмыс беруі мүмкін. Сондықтан, отандастар, жұмыс орнын мейлінше шашыңқы ұстаңыздар…

——————————————————————————————————————————–

Корпоративті кеш: жаңа жыл

Есіме түсіп кетті…

27 желтоқсан… Сенбі… Үй жағымдағы бар дүкендерді аралап, шарлап, зырылдап, бірінен шығып, біріне кіріп, әрқайсысында 3-4 минуттан артық болмай, ыза мен қобалжу жаным мен тәнімді билеп дегендей… Өтірік, олай емес…

26-сы күні керек-жарағымды дайындап қойған едім: артқа асатын рюгзак/рюкзак, үш дорба. Ауыр көтеруге болмайды деп талай затты тастадым: косметика – қалған үш татешкалардан табылар деген үміт, пижама – үстімдегі де жарап жатыр, кремдер – туда-сюда тасып қайтемін, т.т шүрім-бүрімдер. Үш дорбаға не салдың дейсіз ғой… Ойыншық, сыйлық,.. Не үшін? Ары оқыңыз сонда түсінерсіз…

Қысқаша жазсам: келдім, кілт алдым, орналастым.

Кеш қалай өтер екен? Қызық болады ма? Жаңа адамдармен танысар ма екенмін? т.т толып жатқан сұрақтардан миым босамады…

АЛ КЕТТІК! Сағат 19! Қыздай боп шітіреніп киініп, боянып… (джинсыды жапсыра сап жүре береміз ғой кейде, қыз бейнеңді ұмытып) банкет болмақ орынға барсам, бәрі «қыз-жігіттей» екен 🙂 Көзіңнің жауын алады… Өз арамыздан тамада сайланды, бірінші тост айтылып «ЗА 2009!» деп алып қойды… Отырған орнымда отыра берсем ішім пісіп, кеш аяқталмай ұйықтап қалатындай, астымнан су шыққандай, орнымда отыра алмадым… Кішкентайларды(3-12 жас аралығы) жинап алдым да ( 😀 ) ойын ойнаттым… Үстелде тырп етпей отырғаннан гөрі әйбәт 🙂

Антракт! Үлкендер тұрды, «жастар» (былайша БАЛАЛАР) отырдық, тамақ іштік :)) дем алдық 🙂 Байқасам, бірнеше тамақ ауыстырып үлгеріпті. «Салтанат, идем танцевать!» – «да вы что !издеваетесь?! я кушать хочу!» деп отырып алдым 🙂

Негізі, әңгімесі көп 🙂

——————————————————————————————————————————–

Түсініксіз/топас қылықтар

– Заңды демалысқа шыққанды жуу;

– Передатчик болу: қалтафонмен саған айтады, сен жай стационар телефондағыға жеткізеcің;

– (Топас емес шығар, бірақ маған ұнамайды) Бірнеше кезекке орын алу, әсіресе ауруханаларда, сосын жүгіріп жүргені ана доһтырдан мына доһтырға;

– Шынашақ саусақтың тырнағын өсіріп, мұрын/құлақ тазалау;

– Цельсий бойынша 40(-+ 5 қателік) градуста қара көйлек, қара шалбар, қара бейсболка, қара әшки, қара нәски кию;

– Бөтелкедегі сыраны стаканға құю;

– Көзіңе қарап тұрған адамның аузына қарау;

– Түкіріп сөйлеп, «тамақ алыңдар» деу;

– Астанаға барып тұрып, атамызға сәлем бермей кету;

– Буы бұрқырап тұрған шайды үрлемей ішу;

– Арақ/сыра сасып тұрып «ішпеймін» деу;

– Сақау адамды қызық үшін сөйлету;

– Жоқ затты уәде ету;

– (көбіне өзім солай етемін) Айтып алып «ойбай кешірші!» деп жатып кешірім сұрау;

– Балаға(кішіге) «топас», «ақымақ», «иттің баласы», «есек», «есалаң», «көргенсіз», «есуас», т.т негізсіз сөздерді айту;

– «Звондасайщ» деп байқұс қалтафонға айқайлау;

– «Қылтиманы» боқтық сөз деп ойлау;

– Жігіт көрсе бөксеге бостандық беру(ол ит па еді? бөксе көрсе тілі салақтап жүгіріп баратын?);

– Сыраға тойып алып, қыздың көзінше гараж артына барып келу;

– Дыбыс датчиктерін әжетханаға қою(дыбыс шықса вентилятор іске қосылады);

– (топас болмаса да) Ыстық, балқып тұрған асфальттағы тезекке тұра қалу, табан күйгенде;

– Қарызымды бермеді деп өзін өзі кесу;

– Пластинка сағыздың жартысын бүгін шайнап, жатысын ертеңге қалдыру;

– Біреудің кінәсін өз басыңа алу;

——————————————————————————————————————————–

Бәрі мүмкін

Мүмкін бір жерлерде жазылған да шығар, айта кеткім келеді :)))

– Интернет арқылы қыздың қыз екенін білуге болады дейді интернет арқылы танысып жүрген джігіттер. Былай екен: қызға интим жайлы айтасыз :))) егер өкпелеп қалса, ұрсысып шыға келсе – бітті! Өзіңіз қорытындап алыңыз…

– «Қай жерде тұрасың?» деген сұрақ сенің экономикалық тұрғыдан тиімділігің есептелетін мезет/момент!

– «Оқисың-жұмыс істейсің?» десе – интеллектуалдық мүмкіндіктеріңді тексергендік.

– «Көңіл-күйің қалай?» – «я тебя не раздражаю?» деген сияқты ма, әлде «сенімен болғым келеді» дегендей ма, әйтеу сондай бірдеңе.

– «Суретің бар ма?» – «сенімен қандай да бір қатынаста болуға қарсы емеспін» деген ой деп білемін :))

– «Телефон берщ» – суретті алғаннан кейін сұраса, онда сынның бір түрі :))) Сразу берсең – нашарсың, сылтауратып бермесең – тормозсың, бермей қойсаң – ақымақсың.

——————————————————————————————————————————–

Бащ-бащ и мимо

Не понимаю, что такого я сказала…  Да, иногда отвечаю резко… Да, иногда шучу не в тему… Да, могу задеть нечаянно за «живое»… На самом деле это получается как-то не вольно, не осознанно…  ДА ДА КОНЕЧНО я же взрослый человек и не могу себе позволить невнимательность в отношении других, должна следить что говорю, взрослому человеку относиться по взрослому и быть как подобает барышне в n лет, и при том я всегда прошу прощение, извиняюсь за слово(а)… Но этот человек меня не простил и не принял меня…

У меня в голове не укладывается…

Бывает такое один раз оплошал, одно не удачное слово и всё,  и уже не подняться тебе в глазах этого человека, чтоб ты не говорил, не делал все не будет восприниматься! А он даже не подозревает что ты все время думаешь «боже, что я натворила! блин! Как бы я хотела все исправить?! Надо было молчать!»… Как я могу молчать, если натура у меня такая «говорить то что думаю здесь и сейчас»(тілімді кесіп ал, я лучше не стану). В основном, шучу не удачно, и как объяснить человеку что это была шутка и не надо ее принимать близко к сердцу?! Все-таки человеки я вас не понимаю…

И можно ли говорить о дружбе, об отношениях, о прощении и принятии людей такими какие они есть?!

Второй раз, пыталась думать над каждым словом, говорить по теме, без шуток. И вроде у меня это получилось, но в один момент я расслабилась стала собой, начала прикалываться… И опять «мимо»… Да шо ты будешь делать, а?!

Утешаю себя что возможно у этого человека был трудный день, поругался с кем, просто настроения не было, обида не прошла. Я все равно не понимаю… И что за привычка искать «құмалақ» в себе?! Все, Салтанат! Будем такими какие есть…

——————————————————————————————————————————–

Медресе жігіті

Әкесімен се*с туралы сөйлесуге қорқады.

40-ғы әкесі балалы болып жатса ұялады.

Болашақ әйелі орамал таққан, намаз оқитын, Құранды жатқа білетін қыз.

Қызбен мектепте алғашқы және соңғы рет сүйіскен.

Қызбен телефонмен мамасының көзінше сөйлеспейді, мамасы көріп қалса «звондама болды!» деп трубканы коя салады.

Барлық қыз «қыз» деп ойлайды.

——————————————————————————————————————————–

Кейде…

Кейде, лифтте әрбір этаж сайын кнопкаларды басып өз этажыма жеткенде барлық кнопкалардың жанып тұрғанын ұнатамын 🙂

Кейде балалығым үшін емес ересек болғаныма ұяламын…

Кейде машиналарға жан бітсе, соншалықты ебегейсіз болар ма еді деп ойлаймын…

Архимедке жерді аударып жіберуге рычаг тауып берсе де біз қалай өмір сүрдік солай өмір сүре берер едік қой деп ойлаймын…

Орынсыз сөз айтып қалғанымды үнсіздіктерінен түсінемін…

Бәрімізде жақсы өмір, барлық жағдай жасалған болса, әжетханаларды кім жуар еді?! Оны да біреу істеу керек қой, ия… Қайбір жақсы өмірден қолына тряпка алды дейсіз…

Адамды жақтырмайтынымды білдіріп қоя беремін.

Көп ойланып жүріп, бір шешімін таппағанда жылы жауып қоя саламын. Келесі бетін ашқанда шешім өз-өзінен пайда болғандай болады…

Қатты қиналып кеткенде, «көмектесші» деген сөзді айта алмай жынданамын. Айтуын айтып алып, көмек келеді екен-ау деп өзімді жұбатпаймын. Қасқырлардың арасында қозы жүрсін ба…

Кейде, сюжеті жоқ әңгіме тыңдағанда басқа жаққа қиялдап кетемін…

Кейде «мұңын» айтып келген достарымның «проблемаларына» күліп алып іштей «жынды!!! тоқтат күлкіні! серьезный вид жаса!»

Кейде, құлақтан, мұрыннан жүн шығып тұрса жұлып тастағым кеп тұрады…

Қолымдағы сағатқа қарап сан көрмеймін 🙂

Газет оқып отырып түс көріп кетемін

Қыздармен кездескеннен соң өзімді тупой сезініп қаламын…

——————————————————————————————————————————–

Жақсы жаттығулар

Басқатырмақ шешу

Емтиханға дайындалу

Сахнада импровизация жасау

Қиын мәтінді талқылап тастау, мысалы Нұрғиса блогында

Таңдамалы ас дайындау, мысалы Аспаздықта

Досыңыздың түрін анық елестету

Соңғы рет қанша тамшы су ішкеніңізді санап көріңіз

Жатқа СМСтер легін айтып көріңіз

2, 4, 8, 16, т.т. тізбегін барынша жалғастыру

Жаңа тіл үйрену

Ұялмай өтірік айту. Сол өтірікті естен шығармау

Компьютерде программа жазу

Сурет салу, жай ғана емес, әрбір бөлшегін ойластырып

Жақсы көңіл-күйді онша емеске ауыстыру және керісінше

Шексіздік туралы ойлау

——————————————————————————————————————————–

Қорқақтар

Қорқыныш – адамның өз өзіне бағытталған ең ауыр қаруы. Кейбір қорқыныштар фобия боп кеткен.

Бірнеше фобия:

Айхмофобия – үшкір заттар мен олардың денеге тиюінен қорқу.

Аматофобия – шаңнан қорқу.

Апифобия – аралардан қорқу.

Астроофобия – аспандағы жұлдыздардан қорқу.

Аэроакрофобия – биіктіктен қорқу.

Гаптофобия – басқа адамдармен жанасудан қорқу.

Гедонофобия – ляззат алудан қорқу.

Гинекофобия – әйелдер қорқынышы.

Гипнофобия – түсте өліп кетуден қорқып, ұйықтаудан қорқу.

Гиппопотомомонстросесквиппедалиофобия – ұзын сөздерден қорқу.

Гленофобия – қуыршақ көзінен қорқу.

Гомицидофобия – өлтіріп қоямын деп қорқу.

Дорофобия – сыйлық алу мен беруден қорқу.

Зоофобия – жануарлардан қорқу, көбіне белгелі бір түрді(мысалы, мысық, тауық, т. т).

Клаустрофобия – жабық кеңістікте қорқу.

Климакофобия – басбалдақпен жүруге қорқу.

Кристаллофобия – шыныларға тиюден қорқу.

Микрофобия – кіші заттардан қорқу.

Некрофобия – өліктер мен қабір заттарынан қорқу.

Неофобия – жаңадан қорқу.

Нозофобия – аурып қалудан қорқу.

Патройофобия – тұқымқуалайтын аурулардан қорқу.

Пеладофобия – таз болудан қорқу.

Пениафобия – кедейліктен қорқу.

Спектрофобия – айналардан қорқу.

Талассофобия – теңізден қорқу(шомылудан, теңіз саяхатынан).

Танатофобия – өлуден қорқу.(баяғыда інім тілі келмей Салтанат дегенді Таната дейтін, қызық)

——————————————————————————————————————————–

Жас аспаздарға кеңес

Сұрақ: Жұмыртқаны микроволновкада пісіру үшін қанша уақыт қажет?

Жауап: Жұмыртқаны микроволновкада пісіруге боламайды: жарылып кетеді. Қарапайым кәстірөл мен кәдімгі пешті қолданыңыз.

Сұрақ: Микроволновкада пісіру үшін жұмыртқаны алдын-ала қандай дайындықтан өткізу керек?

Жауап: Жұмыртқаны микроволновкада дайындайтындай мүмкіндік жоқ.

Сұрақ: Жұмыртқаны жеке пісіріп алдым да, 20 секундке микроволновкаға жылытуға қойдым. Жарылып кетті. Нені қате істедім?

Жауап: Жылытудың қажеті жоқ еді. Суықтай да тәтті. Тіпті, 2-5 минутқа ыстық суға салып жылытуға болады.

Сұрақ: Жарылмасын деп жұмыртқаны скотчтап тастадым. Микроволновканың ішін былғап жарылды, бәрі-бір.

Жауап: Микроволновканың ішін сулы тряпкамен сүртіңіз. Жабысқан скотчты содамен кетіруге болады. Тек, пышақпен қырудың қажеті жоқ.

Сұрақ: Шыны кәстірөлге су, екі жұмыртқа салып, жарылса деп қақпағын жауып, микроволновкаға қойдым. Су қайнамай жатып, жұмыртқалар жарылып қоймай, қақпақты сындырды.

Жауап: Суға тұз қоспадыңыз! Кәстірөл шыны емес металлдан болуы қажет еді. ӘРІ микроволновканың орнында қарапайым пеш болуы керек еді.

Сұрақ: Тауық жұмыртқасы ғана жарылады ма?

Жауап: Жоқ, кез-келген құс жұмыртқасы микроволновкада жарылады.

Сұрақ: Жұмыртқаның екі жағынан тестім да, ішіп алдым. Бос қабықты микроволновкаға салып жылыта бастадым. Саси бастады, сосын жарылды.

Жауап: Бос қабықты жылытқаныңыз болмады. Неге жұмыртқамен бірге жемедіңіз?!

Сұрақ: Қысымды теңестіру үшін жұмыртқаны тестім да микроволновкаға салдым. Жарылып қалды 😦

Жауап: Микроволновка ішін сулы шүберекпен сүртіңіз.

Жалғасы болған, қайда қалғаны, қайдан алғаным да есімде жоқ :)))

——————————————————————————————————————————–

Неге ит емес?! (итпен/итсіз өмір жайлы)

1) Дем алыссыз өмір. Бітпейтін цикл. Бір рахаттанып дем алмассыз. Таңертең-кешке, кешке-таңертең қыдырыс. Өмір тамақтандыру мен қыдырыстан тұратын болады. Қыдырыс – далаға шықтың болды деп ойламаңыз! «Толыққанды» қыдырыс болуы керек – ұзағынан, қызықты да ширақ, айналаны жүгіре көріп, адам, ит, мысық, жыбырлаған пакет, бәрін бәрін тексерістен өткізу де керек.

2) Аяз бен қапырықты жек көріп кетерсіз. Жаңбыр, былш-былш батпақ туралы несін айтамыз?! Ресейлік «Юный натуралист» журналы сіздің табиғаттан бақылауларыңызды сатып алуға даяр болады. Ал, құтқарушылар әскері сіздің «іле салатын» әженің камзолы мен атадан қалған герзіби етікті, яғни қыдырыс киіміңізді үлкен ақшаға алмақ. ҚАЛПАҚ!!!!! ТУУУУ неткен… «Зато жылы, қараңғыда көрінбейд та!» деп жұбатар едіңіз!

3) Қалған қалдық, сүйек-саяқты итіңізге бермей, дала-бомждарына «Обал болмасын!» деп жинайсыз.

4) «КӨРМЕ! КӨРМЕ!» деп зырылдамайсыз. Итті тарап, сылап-сипамайсыз.

5) «Күнімен үйде өзі жалғыз!» деген уайым тағы болмайды. Жұмыстан жата қалатын орын іздеп келгеніңізде құйрығын бұлғаңдатып «погуляй со мной» деп анау тұрмай.

Неге жұлдыз жорамал орындалмайды?

1) Жұлдыз жоралмалдар Зодиак белгілерінің «стандартты» өкілдеріне арналған. Мысалды дейд та, сіз Егіздерсіз, бірақ сіздің барлық жұлдыздарыңыз Торпақта болса, онда сізге Торпақ жорамалын оқу керек, яғни сіз «стандартты емес Егізсіз».

2) Жұлдыз жорамалдарда бір ғана фактор қарастырылады – Күннің әсері. басқа планеталар жеткілікті ғой 🙂

3) Астрологиялық мектептер ағыны.

4) Жорамал жазушы әсер етуші астрологиялық факторларды өзінің өткізіп барып жазады. Егер оның көзқарасы, менталитеті не психологиялық факторлар сіздікімен сәйкес келмесе сізге жорамал тіпті түсініксіз болуы мүкін.

Неге аяныш жоқ?

1) Бет-орамал шылқ-шылқ су. Таусылды.

2) Жылаңқы әңгіме соңы.

3) Міне, қолыңа найза, төсіңе қалқан!

4) Жүректерде үрей.

——————————————————————————————————————————–

Advertisements