Бір ай бұрын, көрші үйден фитнес-клуб ашылды. Адам аз. Көбіне кішкене бүлдіршіндер екен. Нұрж екеуміз, біз қатарлас қыз-келіншектер «қозғалғанға» дейін тоса тұруға келісіп, телефон, андай-мындай байланыс амал-айлаларын тастап кеттік. Содан не керек, бір ай дегенде топ ашылды… Нұрж менімен бір топта болғанды қаламай шығыс биіне барайын деп тұрған мен йога сыныбынан бірақ шықтым.

1 күн:

Дұрыс тыныс алуға арналған жаттығулар. Негізі, үйренуге болады екен.

2 күн:

Дұрыс тыныс алуға арналған жаттығуларға қоса сіңірді созу жаттығулары… Өліп тірілдім десем де болар…

Инструктордың сөзінен:

– үшінші көзді ашып, адам ойын оқуға болады;

– адам қиялының күші адамның өзіне белгісіз;

– йога арқылы адам аурасын оқуға болады, сонда психология, қылық тілі, көзің түсі, алақандағы сызықтар, т.т. жолда қалады; (айтпақшы, менің аурамның түсін айтты, интернеттен оқып, өзімде өзгерістер енгізгім кеп кетті)

Жан, тән сау болсын!!!

Advertisements