Қараңғылықта бір кісі отыр екен. Ауланы шыр айналдыра қоршаған қортық(аласа деген мағынада) қақпаның үстінде отырған силуетіне темекісінің қызыл шоғы рең беріп тұр. Менің биікөкшемнің тақылдаған дыбысынан басқа дыбыс та жоқ. Тіпті де сезімтал емеспін, бірақ ана кісінің маған тесіле қарап отырғанын әрбір жасаушаммен сезіп келемін. Сол кісімен теңескенде ақырындап мен кетіп бара жатқан жаққа қарай бүкіл корпусымен бұрыла бастағанда жаман ой жылтың ете қалды. Өз ойымнан шошығаным соншалық  180 градусқа тоқтамай бұрылып келген бетіме зыттым. Қарасам кеңсе жанында Мукарам машинасын қыздырып жатыр екен. Ұят та болса, міңгесіп, адамы көп/адам жүретін көшеге жетіп алдым…

Advertisements