Өз асқазаннының көлемін білмейтіндерге:

– Өзіңізді күні бойында тамақ арасында(тамақ ішіп отырып емес) таза суды ақырындап/аздап/ ұрттап ішуге үйретіңіз. Су да тамақ;

– Табиғи тағам жеген абзал: жаңғақтар, жеміс-жидек, көкөніс. Ескерту: бәрін, бірін біріне араластырудың қажеті жоқ;

– Апта сайын 24, 36 немесе 48 сағаттық «ораза» ұстаңыз. Г. Шелтон айтқандай «Ең жақсы тағам – аштық»;

– Қарныңыз ашқанын сезбейінше тамақтанбаңыз. Біреудің көңілі үшін де тамақтанудың қажеті жоқ. «Ауыз тиейін» деген сылтауды қазақ тапқан ғой 🙂

– Ауызға тыққыштамай, ақырындап, дұрыстап шайнап, ешқайда асықпай жеу керек. Тістер, слекей бездері, жақасты лимфа бездері(submandibular gland), т.т. сізге  жақсы қызмет атқару керек қой 🙂

– Асқазан жартылай бос болуы қажет. Қазіргі адам, қаншалықты көп тамақтанатынын түсінбейді. Есіңізде болсын: бір тамақтанғанда неғұрылым аз жесеңіз, соғырылым сол тамақтың сіңуі мен қорытылуы, тазартылуы тезірек жүреді;

– Балалар өз еркімен тамақтану керек. Олардың болашақ ауруларының бетін алуға мүмкіндікгіңіз бар. Өз күн тәртібіңізде балаңызға/ларыңызға проекциялаудың да қажеттілігі шамалы, сонымен қатар, бала еліктегіш келетінін біле отырып өзіңіздің де жағымсыз әдеттеріңізден арылу қажет болады енді, амал жоқ…

Артық тамақтанып қойған ішқұрылысты тоздырады, ерте қартайтады.

Астарыңыз дәмді, әрі пайдалы, дендеріңіз сау болсын, ағайын 🙂

Advertisements