Қазанның 26-сы мен 31-і аралығында  Бразилияның  Жаңа Гамбург  қаласында  өткен   MOSTRATEC   Халықаралық  жаратылыстану-ғылыми   олимпиадасында     қазақстандық 11 оқушы алтын  медальдар жеңіп алды.

Бұл туралы  «Дарын» республикалық    ғылыми-тәжірибелік  орталығынан  хабарлады.

Олимпиадаға  әлемнің 22 елінің  оқушылары  қатысты.  Біздің   команданың  құрамындағы    16   оқушы жүлделі  орындар үшін күресті  және  олардың барлығы жоғары  наградалар алды:  11 оқушы – алтын, 2 оқушы – күміс, 3 оқушы қола медальдарды    қанжығаларына  байлады.

Атап айтқанда, алтын  медальдарды  –  алматылық Нариман Халықов, Әділбек Сәпиев, Бибігүл Жанахметова, Бахтияр Қожамқар, Ғалымжан Тілеуболдинов, қызылордалық  Ботагөз Нәдірова, Рысқал Тұрғанбекова, Ханзада Мырзабекова,  оралдық Ерназар Сапашев, Ғалымжан Асылханов, Тимур Құсдәулетов    жеңіп  алды.

Ал  Есік  қаласының екі  оқушысы –  Аяс Әлімбекер мен Диас Асанов  – күміс,    алматылық тағы үш оқушы – Мамырайым Әшірбаев, Нұрсұлтан Төреқұлов  және  Нұрбол Әбдуәлиевтер қола медальдар     иеленді.

MOSTRATEC – ғылыми,  шығармашылық,  техникалық жобалардың  халықаралық  жәрмеңке-конкурсы.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ/МЫН!!! Жеңістер көбее берсін!!! Оқушылар мен жетекшілері, еңбектеріңіз жемісті бола берсін!

Ақпарат көзі

Advertisements