Автобустан түсу «азабын» жазған едім… Енді…

Толы автобустың шаншары/приколы көп болады… Сол баяғы Мудан. Артқы есіктен ең соңғы болып тұрмын. Есік жабылмайды. Кондуктор жетіп келді:

– Сыймайсыз, девушка! Түсіңіз!

– (Джынды ма! Түспейм ал!) Мне домой надо! Я домой хочу! Продвинтесь вперед! Бір адамға жылжыңызшы!

– Впереди, қозғалсаңыздаршы! Ей!!!

Итеріп-итеріп кірдім 🙂 «Позор, дардай болып! Могла бы екіншісін подождать» деп ойлап отырған боларсыз 🙂 Ойланған пайдалы 😉

Не керек, соңғы сатыда тұрмын: есік ашылады – толпа народу маған қарайды – миларында өздері қанша орын алатындарын мөлшерлейді де – алдыңғы есікке жүгіреді 🙂 «Магазин» деген аялдамаға келгенде бір ағаймен орын ауыстырмақ болып сыртқа түсіп, қайта кірдім – ну енді бір адамдық орын босады ғой, оған 2 адам точно сиюы керек (автобуста жүріп көрген адам біледі, әсіресе студенттер). Бір апай, қолдарында дорба, қытайдың аласөмкесі бар – автобусқа кірмек: өзін кіргізгеннің орнына бірінші сөмкелерін пихать етіп… Итеріп жатыр, итеріп жатыр… Опять есік жабылмайды… Кондуктор тут как тут…

– Апа! Сыймайсыз! Түсіңіз!

– Сиям! Жылжыңдар алдыға!

Орын ауыстырған ағай шыдамай кетті(аласөмке қабырғаға батса керек) шығып соның орнына тұрды. Ал содан соң басталды айғай-шу! Даусы ЗОР екен енді…

– Мында орын бар ғой! Неге жылжымайсың? Қақиып тұрып аласыңдар есіктің алдында! Ерегесесің ба? Көріп тұрсың ғой үлкен адаммын!

Көзім банка…

– Неге маған айғайлайсыз?

– Ал, неге сен жылжымайсың, а? Адамды айғайлатып! Сол орынды сатп алғандай! 30 минут болды тұрғанымызға! Мнауың джынды-ей! Қалай-қалай айдайсың! Өлтірейін деппедің! Алжығандар өңшең…

Мате-Залка көшесі. Есік ашылды.

– Апай, жылжыңызшы! Жоғары көтеріліңізші!

– Қозғалмайм! Ты ж не хотел меня брать! Ал енді қозғалмайм!

– Апай, онда түсіп қалыңыз! Екіншісі келе жатр артта! 10 минутта жетед!

– Ей, мнауың джынды ма немене? Мені отырғызарда бірін түсірдің, енді мені түсіріп мынаны отырғызбақпысың ба? Жетпегір! Ауру  неме!

– Өй, апа! (қолын бір сілтеп)  ЖАП АРТТЫ!

Есік жабылды. Автобус кетті. Апамыз қоймайды.

– 10 минут дид, оңбаған! 10 сағатта бір жүред! Құрттай-құрттай автобусқа тыққыштап адамдарды! Жетпегірлер! Ақшадан өлген!…

Сооолай, братцы кролики…

Advertisements