қыз-келин-енеАтазаң қызыл күнінде/почти көрген фильмдердің рейтингі:

4 орын: «Обратная сторона»

Уақытыңызды босқа құртпаңыз, өтінемін… Сол 90 минутыңыз оралмайды 😦

3 орын: «Ойпырм(-)ай или мои дорогие дети»

Шындық.

Оңтүстік астанада болмаған, көрмеген адамдар, көшіп келгісі келген адамдар: Алматы – сондай, «алқандағыдай», «Ойпырмайдағыдай»…

Қазақстанда болмаған, көрмеген адамдар, көшіп келгісі келген адамдар: қазақтар сондай, ойбуй әрине, бәрі емес, бірен-сараны бар, бірақ «шет елден(АҚШ, Германия, Авcтрия, т.т) Қазақстанның абыройын көтереміз» деп сол жақта тұрып жатыр, қалғанымыз Ойпырмайлықтардан сәл-пәл, тұратын орнымызға байланысты ерекшеленеміз: қала-ауыл, Самал ықшам ауданы-Қарасу ауданы, оң жағалау-  сол жағалау, жаңа қала-ескі қала …

Жыладым…

2 орын: (кеше ғана көрдім) «Біржан сал»

Режессурасы, оператор, т.т жұмысы былай тұрсын. Ішім пысып/пісіп кетті… Қарным ашқаны да бар…

Орыс тілінде екен, артқы фондағы қазақшаға құлақ түріп… Ондай қазақшаға зәрумін… Әдемі, мәдени, қабаттаспаған, бір біріне сөйлемдер баттаспаған, орысшадан аударылмаған(!)(орысша акцент жоқ деп оқыңыз), қазақи қалжыңдасқан… «Қап-ай ә, мына орысшаны-ай, ә» деумен болдым… Монотонно – бір ма; өтірік-өтірік – екі(сөз емес, тіпті сөйлемдерді аудармай кеткен); екі тілде де бір громкость, яғни екеуі қатар естіледі – бұл үш 😦

Музыкасы… Сөзсіз, домбыраның үні(аз-мәз қобыз) күмбілеп-ақ тұрды, денені шымырлатып та өтеді екен(жеке менің сезінгенім)… Маған аз боп қалды: недогон… Дауыстары керемет: таза, анық, ашық, қоңыр – дала үні. Бірақ, менің құлағым халық әндеріне үйренбегендіктен бе, бір жолын сОООзып айтып біткенше не туралы айтып жатқан мағына-тізбегі үзіліп, ойым басқа жаққа кетіп қала берді 😦 (мысалы, алдымызда отырған жігіттер тобына хе хе)

Жолда келе жатып ойлағанмын ғой, тарихи фильм шығар деп, патша үкіметі жайлы азды-көпті көрсететін шығар деп, Біржан-салдың Сарамен айтысы бола ма деп… увы и ах… Махаббат жайлы боп шықты… 😦

А. Матайдан(ренжімеші, бірақ өтірік қой ойнағаның, сенбедім саған, жасанды очм) басқа актерлер өз рөлдерін шынайы ойнай білді, көбіне театр актерлері, содан болар дауыстарын тыңдап, тоймай отырғаным… Ашық, анық, өкпеден шығатын дауыс…

Сюжет… Бір эпизод пен екінші эпизодтың байланысын жоғалтып алып отырдым…

Қазақтар… Шын айтайын ба… Еркі жоқ халық, басын көтере алмаған, жалтақ-жалтақ еткен, болысы өзінен бай болысқа жалтақтайды, онысы губернатор орысқа жалтақтайды, Біржан-сал бәйбішесіне жалтақтайды, бәйбішесі өсекке жалтақтайды… Тіпті, Біржан салдың (Д.Жолжақсынов) серілеріне шоқпар алып жүгіргендей-ақ… 19 ғасырдың аяғы!!! ВЫ прикиньте, қазақтар сонда шоқпармен жүрген ба не, елдерің оқатар мен бомба ойлап жатқанда? Бейбіт халық болса да, қылыш, қанжар, ең құрығанда бәкі ұстамаған ба? Шоқпармен бастан САҚ еткізгенде бөрігі мыжылмай қан ағатындай нәзік болған екен да…

Әрине, бұл менің жеке көзқарасым… Құрбым «9 сыныпта оқылатын Қазақ христоматиясын дұрыстап оқымағансың ғой» деген диагноз қойды, оқымай-ақ киносын қарай салам ба деп едім, әттең… Дым түсінбедім, жоқ олай емес, Біржан-салдың өмірін елестетуге маған еш жаңа ақпарат бермеді 😦

Десе де, қыз(жалпы ұғым) қадірі жоғарырақ болғандай бейнеленген ба деп қалдым…

Таз басына шаш дарымас, менен сыншы шықпас…

1 орын: «Келін»

Ия, көргім келмеген фильм…

Суппер фильм екен… Басқа… Өзге… Ерекше… (әрине, менің жеке, субъективті көзқарасым)

Ене де келін болған ғой, шамасы…

«Қазақфильм ұсынады»/Қазақстанда түсірілген дегенді көре сала билет алуға жүгіремін демесем де, құлағымды түріп жүрермін…

Мәтінді жазған: Салтанат Н. Е.

Advertisements