http://www.sunhome.ru16 жыл бойы жыл сайын, 16 рет жаңа өмір 1-қыркүйектен басталатын: жыл сайын ескі-жаңа достар, жаңа мұғалімдер, жаңа тақырып, жаңа киім, жаңа… Бәрі бұрынғы болса да сен 3 ай бойында сағынып, 1 қыркүйекте жаңа көргендей болатынсың…

«Жаңа өмір» деген тым қомақты шығар, бірақ бала үшін, оқушы/студент үшін жаңа оқу жылы – науқанның басы, жаңа өмір, жаңа саты(бірақ, сол кезде оған «саты» деп қараған ешкім жоқ шығар).

Оқушы кезде саты 1 жылмен белгіленсе, өсе келе ол сатының ұзақтығы мен биіктігін өзің белгілеп, хе хе өзің секіресің/аттайсың…

Мұғалімдер үшін бір жылы бір жылынан аумайды… Жылда қайталанатын сол баяғы бір тәртіп…

Оқушылар, студенттер, ең бастысы мұғалімдер/ұстаздар, жаңа оқу жылы құтты болсын! Тоқсаннан тоқсанға, сессиядан сессияға, комиссиядан комиссияға(қоңыраудан қоңырауға) аман-есен жете беріңіздер!

Advertisements