Пост алғашында «топас қылықтар» еді… Бірақ, мына мақаланы оқығаннан соң, айнып қалдым 😦 Кері істегім кеп кетті:

– Таразыға тұрып салмағыңды білу үшін 10 теңге. Балмұздақ жеп келе жатыр едік, ол ескі, тозығы жеткен таразыға тұра қалып көрінген 4* келіге жымиды да «мінекейіңіз, апа» деп 50 теңгесін ұстатты да балмұздағын жалап кете берді… Мен аң-таңмын…(өзі шитік адамның кг мөлшерін білу мақсатын одан басқа ешкім білмес)

– Оның жұмысқа ерте келетін «ауруы» бар  (кейде екеуміз бәсекелесіп те қаламыз). Ертесін алаң тазалаушы апайға базардан алған инжир шабдалысының жартысмен бөліспек ниет білдіреді… Салып беретін пакет(дорба) болмай, қолына салып беруді ыңғайсыз көріп бәрін бере салыпты… (мелочь, а приятно)

– Шет елге кетпек. Жолға еш ауыр киім де, кітап та алғысы жоқ. Ең-ең керек дегендерді алып қалды да, қалғанын балалар үйіне өткізіп тастады…

– «Қыздар, тұра тұрыңдаршы! Мына қыздың қолындағысы азая берсін» деп промоутор қыздың қолынан жарнама парақшаларын ап келді. Осы қылықтан кейін өзіме ұсынылған қағаздардан бас тартпай «рахмет» деп алатын болдым… (негізі, бір көз жүгіртіп шығамын да, дым керегі жоқ болса, бірінші кезіккен қоқыс несіне лақтыра саламын)

– Ақ орамалды апа автобсқа кіріпті. Мен байқамадым да, алдымда отырған ер бала алыстау отырсақ да апайды шақыра орын берді. Ризашылығында шек жоқ. Алматы-1 жақтағы базарға бара жатқанын, немерелеріне сюрприз жасап жер-үйге душ орнатпақ екенін айтып жатты. Ер бала өз аялдамасында «саудаларыңыз табысты болсын»(«удачной покупки») деп кете берді…

– 2006 жыл. Бұл жігіт Алматыдан 3 күндік жерде практикада. Қыз менің құрбым. 8 наурыз қарсаңында оған жігіттен пәселке келді. Ашсақ ГҮЛ, кәдімгі гаршоктағы гүл. «Женское счастье». Маған да отросток берген еді 🙂 Құнттамадым. Пәселкемен келер деген үміт шығар :))

– Тратуарда келе жатып, алдымда келе жатқан атаны басып озбақпын(тез-тез жүру әдетім). Үлкен кісілердің түкірігі көп болады ғой. Тыпың-тыпың еткен мені естімеді ме, қатарласқанымда басын бұрып аузындағысын жіберіп кеп қалды. Естественно, мен бәсеңдете қалдым, ана кісі тоқтай қалды. «Ойбу, қарағым, кешірші» деп маған. Ал, маған бір тамшы да тимеді. Кешірім өтінгеніне өзім ыңғайсызданып қалдым, тіпті. Үлкендердің жастарды жерден алып, жерге салатынына(грубо айтсақ, тығатынына) етімді үйретіп алғанмын…

– «Гауһартас» фильмінде бір эпизод бар ғой, доһторға қой салып беретін… Сол қылығы еріксіз жымыйтады…

– «ӨТЕ ӘДЕМІІІ қылық»: «Наймансың ба не? Ақшаңның да керегі жоқ! Шық машинадан!»

Менің өмірімнің радиусы зыпымнан ары кетпейді, сондықтан да мына қылықтардың да калибры қомақты емес шығар… Десе де, өз арамызда мәдениеттілік/әдептілік жетіп артылады 🙂 Оны көре білу керек те шығар 🙂

Advertisements