Путевка дайын. Бірер минутым бар… Бұйыртса «Дүниеэйр» жеткізіп салады. Тек сен мені қарсы ал, о дүниеде адасып кетпейін, бұл дүниеде адасып әзер тапқанымды. Мен жеткенше, міне газет-журналдарда, ұзын-қысқа құлақтардан әңгіме:

Зере екіқабат. Алдыңғы аптада кеп кеткен, шөбереме құда түсуге. 10-ы баласынан кейін «Қаһарман ана» деген медаль алып еді ғой, былтыр 20-сышын туып «Халық анасы» орденімен марапатталған. Меніңше, матриархат құрмақшы. Гавай аралдарынан бір аралды таңдап қойдық деген бір сөзінде. Жеке мемлекет құрамыз ба деп қояды… Жеке конституциясы бар, Матриарх мамасы бар, Туы бар, ну очм барлық прибамбастары бар бір кіші-гірім мемлекет болмақ.

Руслан, Руся, Русланнн(Русико, Русипо, Рускантус, Русжан, Руснұр, Русгүл(удачный эксперимент), Русберген, Русалған, Рустуған, т.т. аттары есімде жоқ)  Нобель премиясын алғаннан соң алжыған профессордан аумай қалды. Өз аппаратымен клондарын жасай берген, жасай берген… Қонаққа келсе шатасып кетемін, ең құрығанда әртүрлі киінсе шіркін… Бірі ғана келмей шұбырып келетінін қайтесің…

Айкона Антарктидаға тас көрмесімен кеткен. Ағарып келетін шығар енді… Моншаға заказ беріп кетейін, бір қыздырынсын.

Көңілашар 2030-дан соң Жапонияда дүкен ашқан еді ғой, есіңде ме? Сол қазір жүйе боп, Жапон нарығын жаулап алғандығы сондай жапондықтар «Жанна теориясын» әлі зерттеп жатыр дейді. Онымен талай сөз болды да, бірақ жапондықтар «ғылыми жауап алмай тоқтамаймыз» деп жапондықтар қазақ тілін үйреніп, дүкенге шпион-сатушы жіберіп көне американ киносындағыдай болыпты.

Дәруішөлгенді дәруішөлгендіктер Сат мемлекеті деп өзгертіп тастағанына 30 жылдай боп қалыпты. Патриархаттың патриархы кім екенін біліп отырған шығарсың… Олардың Братзаңы бойынша патриарх 2 ғасырға сайланады, осы орайды Русланнның клонизаторының көмегі тиді. Патриарх жас болғанда 3 клон қатырылып қойылған, әрбір 60 жыл сайын сол клон «жаңаланып», тірілтіп тұрады екен.

Дәрішөлгендіктерге мәдениеттілікті үйретуге Қазақстандық қайырымдылық қоры ашылған. Жетекшілері: Жан-айна, Эльвира, Аңсар(виза берілмесе де, Дәруішөлгендіктерге жанашыр), Әлия, Өрімтал, т.т. мен танымайтын адамдар. Қор жетекшілерін «Дүниеэйр» ақысыз Жұмақ санаторийына жолдама алдын ала дайындап қойған(оған екінің бірі қол жеткізе алмайды). Патриархтың бұйрығымен шығарылған «Қазақша боқтап үйренеміз» атты кітап Қазақстанда 2-і басылып шығарылып, қайырымдылық қордың дайындаған «Мәдени нақ» кітабы Сат мемлекетінде n данамен таралмай қойса керек. Кейін, Қазақстандық шпион(дәруішөлгендік тілде «өсекші») Гастарбайтер кітаптың қазақшаға аударылып «Қазақша боқтап үйренеміз»  деген атпен Қазақстанда сатылғанын айтып, нақты ақпарат беруге дайын екенін айтып, қорғаныс сұрапты дейді Қитартас.

Ең танымал бренд «Баян модс» болып тұр. Дәруішөлгендіктермен тіл табысып(аудармашысыз!), Жапониямен қатынасып жүріп, Саян3-тің көмегімен Галактикалық дәрежеге жетіп Корпорация болып кеткелі жарты ғасыр уақыт өтті. О дүниеге кететін болып, жарты ғасырлық юбилейіне бара алмайтын болып отырмын. 2010-да еденін тескенім жетер ия?!

Айко бас бостандығын ақ найзаның(100 томдық энциклопедия-аударма) ұшымен қорғап, атқа(бір адамдық ұшақ-аударма) қонып Саян3-тің көмекшісі боп, бала-шағасын Венераға көшірген. Құрығанда, аптасына бір көретін күйге жеттік…

Щеголдардың күнін көрдің ғой, бірі танк зерттеп, бірі комп зерттеп, бірі аударма зерттеп, бірі бағдарлама оқып, бірі өлең жазып, бірі ән айтып, т.т. қазір одан миллион есе артық… Біздің кезіміздегідей өмір жоқ… Тірі, шынайы өмір…

Балаларды, немерелерді уайымдама, Құдайға тапсырдым(Шөберелерімді Зереге тапсырдым)… Жыласаңдар қайтып келем деп кеттім 🙂

Менің рейсім келді… Кездескенше…

Е…қызы, *** келіні Салтанат

31 шілде 2065 жыл Жер уақытымен 24:00

Аударған Салтанат Н. Е.

Ескерту: ешбір ақпарат шындыққа сай емес. Бір ғана шындық – туған күнім мен өлген күнім бір болғанын қалауым 🙂

Advertisements