Үйреншікті тілмен жазайыншы, а то болмай қалады 🙂

Зыпы  = З/п – заработная плата

***

Сен едің сезімді еріксіз баураған,

Көңілдің алауы бір сен деп лаулаған.

Сән-көркің көз тартып,

Жүректі жаулаған.

Зыпым-оу, қалқышы қайтадан көгімде,

Сен едің аңсарым, күтерім өмірде.

***

Асылым сен ғана,

Ғашығым сен ғана.

Жан-сырым сен ғана

Сен ғана, зыпым!

***

Жоқтық көрсек те, соққы жесек те,

Кетпейміз ақшадан еш шетке.

Қолдаушым да сен, қорғаушым да Зыпы

***

Жүрегімді жаралап тез біттің, зыпым

Кеңсе бағын аралап, банкке асылдың

Өзіңді ойлап, теңіздей тулап тасыдым,

Қайда жүрсің сееен

***

Қызғанамын мен сені қызғанамын,

Қызғаныштан банкоматқа мың барамын.

Пивіге жетсең де чечелге жетпей

Қанымды қарайтып сен бітесің, зыпым

***

Құс болсаң жібектен жіп тағар едім,

Күмістен тұғырыңды жабар едім.

Мойныңа сары алтыннан алқа тағып,

Қолға алып силап сипап бағар едім

Қолыма түспей кеттің, Зыпым-ай, ай Зыпым-ай

Халалакулилау халалакулилалилоу

***

Жарқырап туған аймысың,

Сұлуға сұңғақ сай мүсін.

Жұмысшысы мен едім,

Іздеген шарлап зыпысын.

Айымсың ерке айымсың,

Бұралып өскен пайызсың.

Өзің деп күйген, өзіңе берген,

Тұқымың менен жайылсын

о э ё о э ё о э ё

***

Құмарым қойды-ау басылмай,

Қабағым сенсіз ашылмай.

Көркіңнен сенің айнадым, аааайналдым.

Бір толық айлық зыпымдай.

Жайымды айтсам жасырмай

Жағдайым менің осындай.

Жаным-ау менің жылт еткен

Бір толық айлық зыпымдай.

***

Ұмытпашы сен зыпым,

Біздерге соққан сағым

Ақыштан келген күндерді

Атты ма сосын таңым.

Ұмытпашы зыпым

Жоқшылықтың әнін

Пәк сезім балдай сөзін

Наивный болған шағым

Ұмытпашы зыпым

***

Қайран менің жүрегім, жас жүрегім

Көктем едің бір кезде тасқын едің.

Жасыл доллар жалтақтап қарайлайды

Сені ойласам ұйқым да қашты менің

***

Отчеттерді жаптырмай,

Басыма қайғы төндірме.

Жеткізбей саған қинайды,

Тағдырдың дертін көрдің бе?

Зыпым, өзіңді іздеймін,

Қайдасың бірақ мен білмеймін.

Таңым алаулап атса да,

Сені ойлап, көзімді ілмеймін.

***

Ұнатып едім жалғыз сені,

Мөлдір қара нөліңді.

Ұнатып ем жанға бермес

Сұлу нәзік евроны.

Жазбаны әзіл деп қарауларыңызды өтінемін. Ешбір авторды күлкі ету емес.

Advertisements