www.spim.ru1)- Гелиостан тоқтатыңызшы?!

– Жоқ

– Төлеймін

– Жоқ…

– Қараңғы ғой, тоқтай салыңызшы?!

– Жоқ…

Оқушымын. Автобуста келемін. Қараңғы. Үйімнің жанында аялдама жоқ. Ең жақын тоқтау орны алыстау, әрі жолы қорқынышты. Сосын кондукторларға толық ақшасын төлеп тоқтататынмын(проездной болса да). Мектепте қатал болатын, 8-9 сабаққа дейін ұстап. «Тоқташы, плиз, тоқташы! Ойбай! ТОҚТАТ!!» деп жалынасың ба?! Жылармансың, қорқасың – одан артық «төмендеуге» болмайды. Осыдан кейін, ешкімге артық сөз айтқызбай, әкем қарсы алатын болды.

Кейіннен білдім, жоғарыдағыдай «әңгіме» дұрыс емес. Оның да «технологиялары» бар екен.

2) Шаштаразда отырмын. Кезек аз болғанымен, жылжуы өте баяу. Менің кезегім келгенде:

– Можно, я посмотрю прочески?

– Ты столько сидела и не могла выбрать прическу?!? – деп кезекте отырған бір әйел хай-вай болды да қалды.

ЖАМАН болдым… Көзім суланып, екі езу төмен қарап: «постригите как считаете нужным» дегенді дауысты дірілдетпей айтуға тырыстым. «Мы никуда не спешим» деді шаштараз-ханым жымия. Бар болғаны бір жылы сөз – жүрегім орнына түсті.

Шашым ұзын болған. Екі-үш ай ішінде оқуға түсу қиындықтары шашты жұқартып шыға келді. Сосын, қалыңдатудың бірден бір амалы – қию деген оймен барған едім, әрі студент болдым, есейген порым. Іштей, қимаймын шашымды.

3) Жаз уақыты. Кондинционерді терлегіш жігіттер 17 градусқа қойып қойды. «Жоғарылатсаңшы» деген сөздер бос дыбыс боп қала берді. «Өзім-ақ 20 поставлю» деп пультқа аттай бергенімде 120 кг(бұрындары да ол кісі туралы жазған едім) пультті ала қойды «и что сделаешь?» дегендей бетіме қарап тұр. Шын, оның қызбалығынан қорқамын. Креслома келіп, көзім жып-жылы  боп, жұтына беруді доғара алар емеспін.

Кондиционер маған қарама-қарсы тұр, арамыз 4,2 м(жуықтап). Отпускқа кету үшін бір жобаны аяқтауым керек еді. Өз міндеттерімді бітірсем «срочный» майда-шүйде заттарды дайындап қоятындарына жыным келіп, бұйрыққа қол қойылса да жібермей отырғандары қанды қарайтып еді, оған қоса мына «шкаф»…

Жылай беруге болмайды, тіпті көз жасыңа да жымия қарау керек шығар 🙂

Advertisements