қыздарғаБойжеткендер мен ана болмақ келіншектерде жиі кездесетін ауру – қан аздық(анемия).

Себептері: қан құрамында темір аз болғандықтан болады. Кей жағдайда, кальцийдің де жетіспеушілігі анемияға «жеткізеді». Мұрыннан қан кету, етеккірдің жиі әрі ағыл-тегіл келуі, тіпті тіс қызылетінің қанталауы да себеп бола алады екен.

Салдары: бас айналу, өңсіз тері, тез шаршау, әлсіздік, шаштың/терінің  құрғақтығы. Қан құрамындағы қызыл түйіршіктердің концентрациясы азайюынан жүрекке күш түседі – ағзаға жеткілікті оттегін жеткізу үшін жүрек өзінен көп қанды өткізуі қажет. Темір дене температурасын бір-қалыптандыратын элементтердің бірі болғандықтан, орта температурасының ауытқулары сізге қатты байқалуы мүмкін(мысалы, суық болса, жылына алмау сияқты).

Сау боламын десеңіз: жейтін астың құрамындағы темірді толық ағзаға сіңіру, құрамында темірі көп тағам жеу, мысалы бұзау еті, бауыр, шек-қарын, жұмыртқа сарысы, балық, қою жасыл түсті көк-өністер/жеміс-жидектер(брюссель қырыққабаты, шпинат, брокколи, т.т). Темірдің «игерілуіне» кедергі болатын да «заттар» бар: қызылшадағы, щавельдегі, шоколадтағы, т.т. оксалаттар, пакеттегі сорпалардағы, сырлардағы, т.т. фосфаттар, кока-коладағы, кофедегі кофеин және шайдағы таниндер. Ең тиімді жолы – үйлестірілген диета.

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі 🙂 Жан, тән сау болсын!!!

Ең қарапайым тамақтану кестесі:

сағат 9: таңғы ас – ботқа(күріш, сұлы, қарамық(гречка), т.т.

сағат 11: сұзбе, ірімшік, йогурт, жалпы сүт тағамдары

сағат 13: түскі ас. Сорпа да, екінші тағам да болуы қажет. Бәрі суға/буға пісірілгені жөн.

сағат 15: жеміс-жидек.

сағат 19: кешкі ас(шай, кофе дегенді аз мөлшерде ішкен дұрыс).

сағат 22: 1 стақан айран.

Ескерту: өз бетіңізбен емделудің салдары аурудан да бетер болуы мүмкін, сондықтан анемияға күдік болса дереу доғдырға қаралыңыз. Ден-саулық ойыншық емес 🙂

Advertisements