Джандр… Джандр… эх Джандр…

Джандр туралы ауыз көпіріп айтуға болады. «Жынды» ғой жүрген: кейінгі кезде бір әдет тауып алыпты, келеді де басыңды құшақтап «балапаным менің» дейді, тіпті мамаға барып айтқанын қайтерсің(папамен олай ойнамайды ғой 🙂 )… Кейде, көңіліміз жақсы бола қалса «қыздар болып» шиқ-шиқ, чықылық-чықылық деп кетсек, бәрінен бұрын Джандр «таяқ» жейді :)) Нұрж «ақырын сөйлещ! микрофонмен туғансың ба?!» деп те ұрсады… Үйден шығып бара жатып, айнаға қарап «Гүлмін ғой ГҮЛ» дегені де бар(еще с таким важным видом, шынымен-ақ айнада жер-көкте жоқ гүл тұрғандай)… «ТУФ! менен басқа жұмсайтын адам жоқ па?!» деп жынданғаны да өзіне жарасымды…

Өсіп қалыпты… Оған қарап өзіңнің нешеде екеніңді, ол үшін жауапкершіліктің де артқанын ойлағың келмейді… Айтпағым тіпті басқа…

«Қыз балаға қырық жерден тиым» дегенді бәріміз білеміз. Бірақ, Джандрға бостандық/еркіндік бергім келеді… Қыдырып келсе, сұрақ жаудырып тергемей; түнімен телефонда отырса ұрыспай; сұранған жеріне рұқсат беріп, я рұқсат алуға жәрдемдесіп; сеніммен қарап, т.т. Есейді, өз ісіне өзі есеп беретіндей дәрежеге жетті, ақ – қараны ажырата алады… Ол үшін қанша қорықсам да, оның өз тәжірибесі, өмірге деген көзқарасы, достары/круг общения болуы керек. Онысы бар да…

Нұрж екеумізден соң Джандр… Бір күні былай дейді «менде сенен де бірдеңе бар, Нұржтан да бірдеңе бар!». Ол дегеніңіз – Джандр өзін бізбен салыстырады. Біз жақсы болсақ, ол қайдан жаман болады?!

Үлкен-кіші болып бөлінбей-ақ, Нұрж, Джандр, Нұкебала дос болайыншы, а?!

Advertisements