Сенбі. Телефон шылдырлап жатыр. Қоймай-қоймай шылдырдайды. Енді оянсам керек, апыл-ғұпыл телефонға жүгірем деп «оянбаған» сол аяғымды қоя беріп, оң аяқпен аттай бергенде – сол аяқ «есшо 5 мин» деп жатыр екен 😦 … Не керек, әйтеу, «үнің өшкір» телефонға жеттім… Кнопкаларын басып жатырмын, басып жатырмын: дауыс тым қатты шығатын сияқты, бір уақытта миыма жетті-ау, енді сол  дауыстағышты/громкоговорительді қалай өшірерімді білмей, «бармақ» әдісінін қолдана отырып, папаммен «адамша» сөйлесудің амалын таптым.

Не айтайын деп едім?! …

Ми өзіне приоритетті есептер қоятынын бәріміз де білеміз. Сонда қараңыз, телефон шырылы құлақ арқылы миға жеткенде «ұйқы» есебі екінші сатыға түсіп, телефонды алуды «маңыздырақ» деп шешкен ми – аяқтарға белгі беруді ұйғармағаны ма?…Ал, енді телефон көтерілгенде ше?… «Маңыздырақ» уже не «маңыздырақ»? Ұйқы қайта өз «статусын» алғаны ма?…

Негізі, ұйқының пайдасы зор ғой! Бірақ, көп ұйықтаған мидың «тежелетіні» қаншалықты орынды екен, ә?!

Advertisements