Не үшін, кім түрткі болғанын алдыңғы жазбадан білерсіз…

Ал , кеттік!

1) Шнур… Менің ойымдағы сырға ұзындау болатындықтан бірдейлеп 40-45 см-дей қиып алдым.

1

2) Сырғаның соңғы формасын пішіндеп көрдім, керегімнің бәрі қолымда (біреуін жасап ап барып фотоаппаратты қолданғанмын)

2

3) Дүкеннен алынған фурнитурадан 1-пункте қиылған шнурды өткіземіз…3

4) «Ап, біссіміллә» деп шнурдың екі ұшын бірдейлеп бірінші қосалқы моншақты кіргіземіз…

4

5) Вот тут вот… аздап қиналдым 🙂 Негізгі моншақтың(зараза такая) тесігінің диаметрі екі қабатталған шнур өтуіне жеткіліксіз боп шықты. Не істедім дейсіз ғой… Шнурдың ұшын жеңішке сым-темірден өткізіп моншақтың ортасынан пласкагубсамен суырып алдым 🙂

5

6) ВУАЛЯ!!!

6

7) Негізгі моншақты екі қабат шнур жібермейді, сондықтан оны «бекітіп» қажеті жоқ. «Жетімсіреп» тұрған шнурдың екі бірдей ұшына қосалқы моншақтарды тізіп, қажетті ұзындығын таңдап, ұшын түйіншектеу ғана қалады.

7

8 ) Коммент керек пе?! Жоқ, қайшы керек қайшы!

8

9) Нәтиже… Өз еңбегіңнің жемісі тәтті-ақ 🙂

9

Қажет уақыт: 20-30 мин

Құны: фурнитура(2 дана) – 100 теңге, негізгі моншақ(2 дана) – 90 теңне, қосалқы моншақ(10 дана) – 100 теңге, шнур (5 м) –  45 теңге, қайшы, пласкагубцы, фотоаппарат «по вкусу».

коллаж

Advertisements