қабат-қабатАдамдар, Әлияның кеңестерін оқыдыңыздар ма?! Аспаздықты ше?!

Мына жазбаны жыл басында бастаған едім 🙂 «Ешкім оқымайды, ешкімге қажеті жоқ» деп «жылы жаба» салып едім. Бүгін, жариялағым кеп кетті 🙂

Екі айға жетті десем артық айтпаспын.

Желтоқсанның басында қырыққабатты тұзды суға салып қойғанмын. Мамам өзі аяқтайды ма деген дәмем бар болған, негізі…

Қолымда 3 қырықжапырақ… Қолымның күші жоқ па, қырыққабаттың нығыздылығы ма(тас-шеге әйтеуір), мықшыңдап әрқайсысын әзер 7-ге бөлдім. 10 литрлік шелек қой деймін, соған бірінен соң бірін тыққыштап 7*3=21 бөлікті сиғыза алмадым… Қалғандары келесі күнгі борщ болды… Үйде бір табақ бар, неше литр сиятынын білмеймін, шамамен 3-4 болар, соны жылы суға толтырып, 1 үлкен кесемен үйіп тұз қосып, араластырып, ерітіп манағы(с)(біз жақтың сөзі емес) шелектегі қырыққабатқа құйылды – артылмауы керек, жалпы. Бедрені өзім көтерсем – минимум, қисайып қалушы едім 🙂 Нұкебалаға рахмет, қылтимаға(қателеспесем, балконның аудармасы осылай) шығарып берді. Сол тұрғаннан молынан тұрды ол шелек – шамамен,  27-30 күн. Рецепт бойынша, 20-21 күн. Күннің суықтығына да байланысты болар, тұз жақсы сіңбепті де қырыққабат шала жұмсарыпты, жаңа жыл қарсаңында(шынымды айтсам, 30 желтоқсанда) приправалармен «өңдеп» банкаға тығындап/нығыздап/пресстеліп тоңазытқышқа жіберілді.

Приправасы жаздыгүні жасалынып қойылған: мясорубкадан өткен қызыл/жасыл бұрыш, ащы бұрыш(өз қарауыңызға қарай), сәбіз, сарымсақ.

Жазған соң бәрін жазу керек қой?!

«Өңдеу процессі» – шелекке сиған әрбір бөлікті суынан сығып(киім сыққандай сығып тастамау керек, жалпы) әрбір қабатына приправаны жағып, біртін-біртін банкаға саласыз 🙂 вакуум болуы шарт емес, әрине, десе де ауаның аз болғаны дұрыс 🙂 Ах да, ұмытып барады екенмін, қолыңызға қолғап киген жөн болар 🙂 ну, егер ду-ду еткен қызғылт алақандарды жақсы көрсеңіз кимей-ақ  қоюға да болады 🙂

Момент! Егер, жұмыстан/сабақтан келгенде үйде жейтін дым болмаса: банкадан қырыққабатты алып, киім сыққандай сығып: 1) жолақтап турап, сұйық май қосып салат жасаса болады; 2) нанға майонез жағып, қырыққабаттың бір жапырағын қойып, бутерброд жасауға да болады 🙂

Ас дәмді болсын!

Advertisements