«Почему эт я злой был… Потому что у меня велосипееда не было»

почтальон Печкин

Оқиға №1

Әкем аялдамаға дейін жеткізіп салатындықтан – бірге шығамыз. Подъездтің алдында 5-і қабаттағы аға тұр екен. «Сәлеметсіз бе?!» деп алдымдағы баспалдақтың бұрышын өкешемен басып, жерде төртаяқтап тұрғанымды байқамай қалдым. Тізем ДЗ ете қалғаны. Тұрайын деп басымды көтерсем, жолдан өтіп бара жатқан машинадағы жігіт тоқтап тұрып маған қарап тұр (не күлерімді, не жыларымды білмедім).

Оқиға №2

Кеше, өз банкімнің банкоматын таппай Альянс банктің банкоматынан ақша алдым. Негізі, комисионный алатынын білемін, сол қанша екен деп чекті қарап ілгері жылжығанымда… Каблукке не болғанын білмеймін, әйтеу төртаяқтап, еңбектеп қалдым. Сол тізем ДЗ ете қалды… ААЙЙЙЙЙЙ Ауырады ғой… Әрине, бұл әріптерді тіс артында қалдырып, ыспокойно, как будто так и надо, тұрып тіземді қағып-қағып кете бердім.

Оқиғалардың салдары: зеленка, джинсы, КРОССОВКИ 🙂 Екі рет бір тізеге «қондырып» отырған биік-өкше ресми түрде менің жауым – «өлімі» қоқыс-жәшігінде болсын 🙂

Advertisements