xxx1) «Морадбальс әңгімесі» аңызындағы есеп: Келіншек баққа алма теруге барыпты. Бақтан шығу үшін әрқайсысының жанында сақшылар тұратын 4 қақпадан өтуі тиіс екен. Бірінші қақпаның жанындағы сақшыға келіншек терген алмасының жартысын тастап кетеді. Келесі қақпадағыға қалған алманың жартысын береді. Үшіншісімен де дәл солай құтылады. Төртінші қақпа тұсындағы сақшымен бөліскен соң келіншек өзіне 10 алма қалғанын байқайды. Келіншек бақта қанша алма жинады?

2) «Мың бір түн» ертегісендегі есеп(458-түн): Биік ағашқа көгершіндер ұшып келеді. Көгершіндердің біразы бұтақтарға қонақтаса, біразы ағаш түбіне қонады. Бұтақтағы көгершіндер төмендегілерге: «Егер сіздердің біріңіз бізге ұшып келсе, онда сіздер барлығымызды қосқандағыдан үш есе кем болар едіңіздер. Егер бізден сіздерге біріміз ұшсақ, онда тең болар едік», – депті. Бұтақта, жерде қанша көгершін болған?

3) Абу-л-Вафа есебі: Үш бірдей шамалы квадраттың екеуін 8-ге бөліп үшінші шамалы квадраттан квадрат жасау керек.

4) Ибн Сина есебі: Егер бұл санды 9-ға бөлсек 8 немесе* 1 қалдық қалады, бірақ осы санның квадратын 9-ға бөлсек қалдығы 1 болады.

5) Ал-Каши есебі: Жұмысшының бір айлық/отыз күндік еңбек ақысы – он динар мен көйлек/жейде. Үш күн жұмыс істеп жейдені алады. Жейденің бағасы қанша болмақ?

Кітапты мына жерден көшіріп алуға болады.

* қате кетіпті, кешірерсіздер

Жауаптары:

1) «Морадбальс әңгімесі» аңызындағы есеп:  10*2*2*2*2=160

2) «Мың бір түн» ертегісендегі есеп: егер х – ағаш басында отырған көгершіндер, у – ағаш түбінде отырған көгершіндер деп алсақ, онда шарт бойынша:

у-1=(x+1)/3

x-1=y+1

Жүйені шеше отырып, х=5, у=3 екенін анықтаймыз.

3) Абу-л-Вафа есебі:

d0b0d0b1d183-d0b2d0b0d184d0b0-d0b5d181d0b5d0b1d0b8

4) Ибн Сина есебі: m=9n1+1, m*m=81n1*n1+18n1+1=9n+1 және m=9k1+8, m*m=81k1*k1+144k1+64=9k+1 болсын.

5) Ал-Каши есебі: 10/9 динар


Advertisements