Телепат әр адам бола алады екен. Ол үшін күнделікті жаттығу керек. Қалай? … Сөзі көп бірақ, бір сөйлеммен айтса: миды өшіру керек. Былай дейд та: көзді жұмып, денені босатып, миды өшіріп, сұрақты қайталайсыз, мысалы «Айконың жасы нешеде?». Сонда, екі көздің ортасындағы «үшінші көз» Айконың жасын көрсетуі керек дейді.

Мидың екі аймақтан тұратынын білеміз: оң жағы қиял, тілге бейімділікті, интуицияны анықтайды, сол -кеңістік ойлаумен, логикамен байланысты.  ИЯ! Ер азаматтардың миының сол жартышары дамыңқыраған, ал біздікі – оң. Телепат болу үшін оң жақ миды дамыту керек деседі. Тіпті, сол қолмен жазу жазсаңыз, сурет салсаңыз да сіз оң жақжарты миды «қозғалдырасыз».

Автобуста келе жатып, машиналардың нөмірінің бірінші санын таппақ болдым. Бірнеше дөп түскендерім болды, алайда ықтималдық теориясы бар, бірақ … мен де телепат, балгер, шаман, тамыршы бола алатын шығармын, а?! 😉

Advertisements