Бірінші-ақ сұхбаттан жұмысқа алсын десеңіз, төмендегідей қателердің жібермеген жөн:

а) Қимылдама:

1) Қолыңды тарт: қанша қобалжып тұрсаңыз да, бірдеңені шұқылап, айналдырып отырғаныңыз жағымсыз әсер қалдырады.

2) «Қинамашы?!»: қарындаш, қалам, қағаз, құжаттардың «мазасын» алмаңыз.

3) «Жыланша»: тіл шығару  аса бір зейінмен кірісудің белгісі болғанымен, анкета толтырғанда, сөйлегенде тілді шығарудың қажеті жоқ.

4) «Сілкінді»: аяқты дірілдетіп отырған адам «өз өзіне сенімді» адамға ұқсайды ма?!

5) Мұрындық: мұрныңызды шұқылау, қасу/тырнау кандидатты алмауға себеп бола алмайды, бірақ басқасы болса…

6) «Беташар»: ауызды қолмен жауып сөйлейтін әдетіңіз болса, ол біріншіден: сөзіңіздің анықтығын жояды, екіншіден: психологтардың айтуынша, мұндай әдет, өтірік сөзге жақындықты көрсетеді. Сондықтан, ондай әдетіңізді көрсетпеуге тырысыңыз.

7) «Ырбыңдама!»: орындықта отырғанда алдыға-артқа, «жыбыр-жыбыр», тыным таппай отыру.

8 ) Маникюрші: тырнақ жемес үшін үйден тамақтарып, тырнақты тістелеуді доғарыңыз.

ә) Киме:

1) Тыранақ: ұзын да «айқайлаған» түске боялған, сонымен қатар, кір-кір, толығымен алынбаған тырнақ та сізді жақсы жағыңыздан көрсетпейді.

2) Ауыр, үлкен сырғалар,  түрлі-түсті білезіктер, мұрында, еріндегі сырғалар, т.т.  баттастырылған әшекей бұйымдар.

3) Тұмсығы ашық, өкшесі жоқ аяқ-киім.

4) Жаздыгүні жалаңаш әйел аяғы орынсыз. Міндетті түрде шұлықдамбал(қыздар, мына сөз өлтірді, қарапайым колготки ғой),  шұлық болуы тиіс.

5) Жағажай шалбары мен шолақ дамбал.

6) Кешегі/былтырғы/таза емес жейде мен мыж-мыж костюм.

7) Теріден жасалған куртка(ер азаматтар мен әйел затына да). Жалпы, теріден жасалған заттардан безу керек. Сағаттың бауы, сөмке ғана болмаса…

8 ) Ерлерде «көбелек» галстук.

9) Логотип-логотип сөмкелер, пакет-пакет қағаздар.

10) Қызыл түсті сөмке, төпли, галстук, жейде, т.т.

б) Стандартты қате:

1) «Жалғыз қорқамын»: сұхбатка жаныңызға біреуді ертіп келу қате.

2) «Есімде жоқ»: жауап нақты болуы тиіс.

3) «АЗ!»: жас мамандардың орынсыз жоғары жалақы сұрайтыны қате.

4) Кешігіп келу.

Advertisements