Сөз басында, ұйымдастырушыға рахмет БОЛЬШОЙ при БОЛЬШОЙ… Шаршап, анда-мында қалғып кетіп отырғаны болмаса, екі күн ұйықтамағанын білдірмеді 🙂

Театр! Театр! Театр! Алғаш барғанда актерлердің ойыны мен әні көңілімді түсірмеп еді… Бұл жолы… Өзіңіз байқарсыз:

1   Ең көзге «оттай бататыны» – жарықтандыру…» Сыған серенадасында» актерлер өзіне сәуле түсіру үшін прожектор артынан қуып жүрді, қосалқы жарықтандырғыштарды тиімді қолданбады деп ойлаймын(мән бермеуге тырысқан едім)… «Ат жылаған түнде» – жарық тым көп болды, көзді ауыртатын жыпылық-жыпылық, әулиені/бабаны бейнелегенде жарық түсіріп тұрған лампочка көрініп тұрды (әулиелер өз «күнімен» жүреді-ау шамасы) (жо-жоқ, тырнақ астынан кір іздегенім емес, бір құмалақ бір қарын майды шірітеді емес пе – бір лампочка бүкіл жеткізбек әсерді «жоқ» қылмайды ма!?), қойылым кезінде залды не үшін жарықтандыратын түсінбедім – алдыңда отырған адамның баскиімінің түсін көруге болатындай, декорацияны өзгерту кезіндегі жарық – «күйдіреді» ғой… идея бойынша, ат қора үйге айналып жатқанын көрермен байқамау да керек деп ойлайтын едім…

2   Дыбыс… Алдыңғы қатардағылардың есту қабілетін төмендетпейтіндей болса ғой… «Сыған серенадасында» ән көп болды, бәрі алдын ала жазылған, ия… Оны да түсінемін, опера емес қой…

3   Көрермендер… Спектакльдің қақ ортасындағы қол шапалақтаудың көптігі ашуландырмай қоймады… Қойылым кезінде актердің ойын бөлмеуге тырысқанның орнына… эх… Қалтафонның «шыңғырғаны» = бірнеше жүйке жасушаларының «ажалы»…

4   Актерлер… Театрға солардың ойынына тамсану үшін баратын шығармын… Бірақ, «ат жылаған түнде» актерлер толықтай берілмей, жартыкүшпен ойнағаны сезіліп тұрды…

Қойылымның айтпағы: балалы болғаннан артық бақыт жоқ! Так что… адамдар, ойланыңдар 🙂

Advertisements