p1050231Қазір сенемін, бірақ сол күні сенер сенбесімді білмей тұр едім… Қобалжудан 2 түн ұйықтай алмаған поезд дүрсілінен тіпті ұйықтай алар емеспін… Дудут-тудут, дудут-тудуттан көршілердің пысылы естіледі… Қолдарды айқастыра басқа төсеп, «қашып» кеткен ұйқымды шақырар ойым да жоқ… Жақсы сапар болатынына, іштей сенімді едім…

Купеде үш адамбыз: мен, Пушист және Парсы. Жоқ, есімі Парсы емес, 2002 жылы шығыстану мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін бітірген, ех-әскери, бойшаң, сарғыш, әскери адамға жарспайтын ұзын шашты(шамамен, екі еліден асады), көзі үлкен да ашық қоңыртүсті… Бара жатқан қаламыздың «минус»-тарын тізе бастады… Сөзін естісеңіз, вагонан секіріп, «Қайдасың, туған қалам!» деп тайып тұрар ма едіңіз… Келісемін, сөзінің расы да бар боп шықты, бірақ… Құлақпен естінеше, бір рет көзбен көргеннің артығы 100 есе ғой… Сөйтіп, қала мәселесінен сырғып-сырғып қазақтың қазіргі жағдайына сөз жетті… «Сен тимесең – мен тиме» саясатымен жүретін адам боп шықты, соңында…

Көршінің сөзінен(жымиясыз ба күлесіз ба ерік өзіңізде, бәлкім өсекші дерсіз – маған «до лампочки»):

– қазақ неге жалқау деген сұрақтың жауабын Парсы айтты: атам-қазақ көшпелі болған. Бір қазақ ауылында ең аз дегенде 500 адам тұрады делік, мал бағуға – 10 адам (қойы бар, ірі-қарасы бар), тігінші – 3 адам(мүмкін одан да көп), ұста – 5 адам делік, т.т. сөйтіп ауыл тұрғындарының тіпті 1/10 бөлігі тұрақты жұмысы істейді деп болжайық. Қалған қазақ не істейді? Ет жейді де жатып ап ұйықтайды(одан сорақысын айтпағанына шүкір), жасы алты-бақан құрып, ән-думан құрады дейді, и то түнде… Сөйтіп, қазақ қанына еріншектік пен жалқаулық ген деңгейінде сіңіп кеткен дееейді….

– ғалымдар шошқа майын асқазан сөлі ыдырата алмай қанға сол қалпы өтіп, адам денесінде жиналатынын дәлелдеген екен. Орыстар шошқа етін жегендіктен біртүрлі иісі болады екен, пакістандықтар көп специй жегендіктен олардың да өзінше иісі болады… (заңды сұрақ, қазақтың да өз иісі бар… сонда біз қой я жылқы сасуымыз керек пе?);

– даққа толы шәугімге спрайт құйып қайнатса – дақтан түк қалмайды екен (разрушители легенд қайдасыңдар?);

–  адам қайтыс болған соң жаны жер астында қалады, уақыт келген кезде Жаратушы жандарды жоғары көтереді. Тірі кезінде Құдайға адал қызмет еткен пенделер «бала» ұйқыда болып, кәпірлер «дөңбекшіп» тыныш бола алмайды дейді Парсы мырза. Келетін уақыт – ақырзаман…

– ең жаман халық – еврей… Жаратушы, оларға талай пайғамбарларды жібереді… Бірі түзу жолға түсіре алмапты…

– т.т.

Таң ата жеттік… Жүрегім лүп-лүп… Ауа жетпейтіндей… Ел-жұрт шошытқандай қара суық жоқ 🙂 Айттым ғой, Астана жылы қарсы алады деп 🙂 Бейтаныс қалада өткен 3,5 күн жылы болды 🙂

Негізгі (Бәйтерек, Мега, Думан, Сарыарқа, архитектура «шедеврлары») объекттерге бардық-көрдік-қайттық… Ауыз көпіріп айтқанша өз көзіңізбен көруге кеңес берер едім.

Сенбі күні оң жақ жағалауды біраз араладық… Алматының ықшам-аудандарындай… Алматыға «топ» ете түскендей болдым… Ағаштары да, дүңгіршектері де, пәтерден жасалған дүкендер, аялдамалар, қоқыс… Айдан анық – сол жақ пен оң жақтың әлеуметтік деңгейлеріндегі айырмашылық…

Advertisements