Балаларды ата-анасының мазасын алмасын деп ойындар ұйымдастырған едім
1) Ұста-Ұста: бірінің артынан бірі белінен ұстап тұрады. Ойынның мақсаты: бірінші тұрған ойыншы соңғы тұрған ойыншыны ұстап алу. Ойыншылар саны: шектеусіз.
2) Басам: шарды тобыққа байлау керек. Ойын мақсаты: өз шарыңды жарғызбай, басқанын шарын жару. Ойыншылар саны: шектеусіз. Керек-жарақ: үрленген шарлар. (суретті қараңыз)
3)Мумия: Біз екі «мумияны» ортаға алып, екі топқа бөлініп, «мумияларды» орадық. Ойынның мақсаты: «Мумияға» «киімін» кигізу/орау. Керек-жарақ: орамақағаз(туалетная бумага). Мысалы, бізге бір «мумияға» 2 орама жетті. (суретті қараңыз)
4) Отырам!: сол бұрынғы бәріміз білетін ойын. Орындықтарды дөңгелете қойып айнала жүріп «стоп» дегенде отыра қалу. Орындықтар саны ойыншылар санынан бір дана кем екенін ұмытпау керек.
5) Жұмбақ: шаршағанда бір-біріне жұмбақ жасыру. Мысалы: судан шығады, судан қорқады (из соли выходит, соли боится). (суретті қараңыз)
Қаңтар 16, 2009 at 7:18 тд
Наконя-Эпоз-Якрь-Макош-Японның(қысқаша айтқанда Сәкінімнің) ЖЖ көріп қалып шегім қатқаны бар. Әлгі «отырмақ ойынды», почему-та қызық болғаны, өмірімде бірінші рет көріп тұрған екенмін 🙂
ойынның дамыған түрін студенттермен туған күнде болған кезде көрдім. оны айтып, мына жерде періште қонған посты …-ақ, қоян-ақа 🙂
Қаңтар 16, 2009 at 8:28 тд
Судан шыға ма, тұздан шыға ма, түсінбей қалдым жұмбақты
Қаңтар 16, 2009 at 10:24 тд
Айко, айта бер… тут все свои 🙂
Баян, менің жазбама қызығушылық танытқаныңызға рахмет… в этом и прикол, Айгерім деген қыз (суреттегі шашы ұзын) орысша білмеймін деп маған қазақша айтты мен оның жұмбағын орысшалап жоғарыдағыдай аударып жіберіппін 🙂
Қаңтар 16, 2009 at 11:37 тд
қайда қашан ойнатып жүрсің балақайларды? 🙂
Қаңтар 16, 2009 at 11:47 тд
Айко, фотода күні жазылып тұр… бұл жаңа жылдық корпоративті кеш 🙂
Қаңтар 16, 2009 at 4:08 тк
Ортадағы фотоға бес деген баға қояр едім 🙂
Бұл кішкентай ботахандар кім болады?
Қаңтар 19, 2009 at 6:11 тд
Балдырған, сосын біз бала кезімізде «Ұшты-ұшты» деген ойын ойнайтынбыз. Есіңде жоқ па ондай?
Қаңтар 19, 2009 at 6:23 тд
Аңсар, менің «әріптестерімнің» ботақандары 🙂
Баян, Ұшты-Ұштыны да ойнайтынбыз, мектепте 🙂 бірақ, ол ойын есімде жоқ екен, отырып «ұшты ұшты қағаз ұшты» дегенде, мысалы орыннан тұрмау керек, «тырна ұшты» десе қолды жоғары ұстап қарғып тұру керек… солай ғой деймін..
«Ақ терек-Көк терек» деген де ойын болған… толығымен есімде жоқ…
Қаңтар 19, 2009 at 10:16 тд
Ия, ия сол ойын. «Ұшты-ұшты».
«Ақсерек, көксерек» дегенді ойнағанбыз. Ұмытпасам, екі топқа бөлініп алып, «Ақсерек, көксерек, бізден сізге кім керек» деегн сөздер айтатынбыз:) Түу, бала кезім есіме түсіп кетті ғой)))))))))
Қаңтар 19, 2009 at 10:25 тд
«ана тұрған Баян керек!» сосын Баян дігідік-дігідік деп қарсы тұрған тізбекті жармақ болып жүгіреді, қол ұстасып тұрғанды жарса қалағанын алып өз тобына қайтады…
солай ғой деймін, ия?!
Қаңтар 19, 2009 at 10:36 тд
Дал солай!))
Қаңтар 22, 2009 at 11:41 тк
Мұндай ойындарды әдейі дайындап апардың ба? Менің спонтанно* есіме түспес еді. Пысық қыз 🙂
Қаңтар 24, 2010 at 1:12 тк
№4-ойынды студент кезімізде де ойнағанбыз. Есіме түсіргеніңе рахмет!
Желтоқсан 30, 2010 at 12:42 тк
жазгандарынды окып отырсам есиме бала кезим тусип кетти буны балдыргандарга ойтатуга болады. ал бизерге кандай ойындар усынар един
Қаңтар 12, 2011 at 5:26 тк
жасыңыз кеп қалған болса, мынандай ойын бар (Патик қарсы болмаса жазып қояйын):
үстел басында отырып, адамдар бір біріне сұқ саусақпен түймені береді, басқа саусақтарды қолдануға болмайды. кім түсіріп алады, кім ұстай алмайды, вообщим түймені жоғалтқан адамға штрафной…
аз-мәз мастау болса, қызығырақ өтеді 🙂
Желтоқсан 21, 2013 at 5:25 тк
маған жаңа жвлға қызықты ойындар қажет еді 8-9 сыныптарға
Желтоқсан 21, 2013 at 5:27 тк
tauip berinderwwwww
Желтоқсан 26, 2013 at 6:07 тк
Ойындар өте тамаша,есіме балалық шағым түсіп кетті-ау