guestАуылда қонақтың қалай келіп, қалай кететіні есімде жоқ. Ал, қаладағы 10 шақты жыл ішінде біздің үйдің «қонақ күту салты» қалыптасқанын ӘРИНЕ байқадым, бәлкім сіздерде де төмендегідей «ережелер» бар шығар.

1 саты: Қонақ келмей тұрып

Дайындық: үй

Қажет уақыт: бөлме саны мен соңғы уборкаға байланысты. Тек 12-14 сағаттан аспауы керек, қонақтар шашылып жатқан үйге кірсе ыңғайсыздау болар… Е … тағы, «бос қолдар» санына да байланысты екен ғой…

Қонақтың шақырылу уақытына байланысты «үй жиыстыру» процедуралары басталады. Ең алдымен, көзге «оттай» батып тұрған шаң басқан/баспаған телевизор экранын, газет-журнал тұратын үстел үстін(үстінде тұрғандарды астындағы полкаға жинағансып тыға салуға болады), айналарды бір сүртіп, үй ішінде шашылып, ақтарылып жатқан заттарды көзге түспейтінде жерге қою керек, міндетті түрде. Үлкен үстел алғызбай жүргендігіңді мойындап, екі кіші үстелдерді біріктіріп, дастарханын төсеп қою – уақытты үнемдеуге бір септігін тигізеді.

Ескерту: бір сүртіп деген бірінің шаңын біріне жағу емес.

Дайындық: ас

Маманың жұмысына араласпаймыз, жалпы. Бірақ, «турап бер!», «аршып жібер», «пісіре сал», «араластыр!» деген сыңайлы бұйрықтарын орындамауға болмайды. Асханаға «аспаз» ретінде жол жоқ болғандықтан, келер қонақ санына қарай үстел әзірленеді. Орындық тасу, салфетка/стақан ұмытпау,  үлкен/кіші қасық дайындау, ет тартылатын болса, пышақтарды қайратып алу… Алдын ала «не керек?» деген сұрақтың барлық жауаптарын білу міндетті болмаса да, білген қажет.

2 саты: Қонақ келді

Біріміз қалмай кіреберіске шығып «Сәлеметсіздер ма?!» деп сырт киімдерін алудан басқада шаруаң жоқ… Егер қонақ сенікі болса… онда әңгіме басқа… Қонақтардың алдында «құрдай жорғалау» емес, бірақ былай ыңғайын табуға тырысасың деп ойлаймын, жалпы.

Қонақтардың әйел заты асханаға «зып» етеді, ерлері құрылған үстел жаққа жылжиды. Асханада – мама, залда – папа. Кіші кезімізден үйреткен екен – қонақ отырған орынға «сыпыңдап» кірмеу, бірдеңе сұрау былай тұрсын. Қонақ баласын бағуды, тыныштық сақтауды асханада жүруге жасы жетпегендердің біріне жүктейміз. Асханаға кезекші ретінде тағайындалған «қызмет» көрсетуші – шайдың ыстық болуына жауап береді. Қалған қолы бостар – ерігуге рұқсат – қонақ баласын «шұқылап», жылатасың ба өз еркің, бірақ БІРАҚ тыныштыққа жауапты «қызмет» көрсетушімен қарым-қатынасың шытынауы мүмкін.

3 саты: Қонақты шығарып салу

Біріміз қалмай кіреберіске шығып «Сау болыңыздар!» деп сырт киімдерін беруден басқада шаруың жоқ… Егер қонақ сенікі болса… онда әңгіме басқа… «Сарқыт» деп пакет дайындау керексің ба жоқ па – білмеймін… жастарда ондай жоқ қой деймін… Өзімнің қонақтарымды үйге шақырмайды екенмін 🙂

4 саты: Қонақтың «соңы»

«Өздембай» шай: үстелдің бір бұрышы тазаланып, жаңартылып «қызмет» көрсеткен ұжымға(ішінде папамыз да бар) шай беріледі.

Шайға қанған «қызмет» көрсетулішер үстел үстін жинауға кіріседі. Салған кәмпит-мәмпиттерді бөліп-бөліп пакет-пакетімен мамаға өткізіледі. Салат сияқты тез бұзылатындардың ыдысын ауыстырып (хрусталь қонақ шақырғанда ғана қолданылатынын бірі білсе бірі білмейді, сосын хрустальді сындырсаң біттің… құлағыңнан қиқу кетпейді), ыдыс жууға тағайындалған «қызмет» көрсетушіге жіберіледі. Ыдысқа жолауға болмайды дегендер үстелді, орындықтарды орын-орнына қояды.

Жұмыс әрбір «қызмет» көрсетушіге бірқалыпты бөлінгендіктен, бір уақытта тамамдалады да бірдей дем алуға рұқсат!

Айтпақшы, мына жазу 2009 жылғы бірінші 🙂

Advertisements