dance2Би билей алмайтындарға арналады…

Ең алдымен, бидің негізі – орнынан тұру, би билшілерге қосылу я би бастап кету. Бастамас бұрын, аяқ-қол бұлшық еттерінің жұмысын қарап көріңіз. Алақаныңызды бүйірге қоясыз, қолыңызды жылытыңыз не ойдаға пешке от жағыңыз. Билегіңіз кеп тұрғанын сезінесіз. Сезбейсіз бе??? Онда сізде ең рационалсыз билеу түрі – бисіз. Дұрыс деп саналатын билеу – ішкі дүниенің толқып, бұлшықеттер сізді тыңдамай жыбыр-жыбыр етуі. Және осылай билеуді – инстинктивті дейді екен. Бұлшық еттердің қозғалысын көлденең күйде тексеру оңай. Шалқасынан жатыңыз, қолыңыз бүйіріңізден сәл жоғары қойыңыз, сосын билеп көріңіз.  ) «Ет» деген қандай!? )

1 кеңес: Бидің табиғи түрі – жүріс. Жаяу жүруді есіңізге түсіріңіз!

2 кеңес: «раз-два-три-раз-два-три» дегенді білсеңіз көп қиналмайсыз.

3 кеңес: Қолыңызды жоғары-төмен қозғалтасыз! ОЙБАЙ! Қарға сияқты емес!!! Корпусыңыздың бойымен жоғары-төмен! Музыканы тыңдауды ұмытпаңыз, естілгеннің темпіне қарай қимылдарыңыздың жылдамдығын бақылаңыз – тездеткен сайын «жоғары-төмен»-де тездете түсуі керек 🙂 4-кеңеспен біріксе – сізден асқан «танцор диско» болмайды.

4 кеңес: Алғашқы күй: аяқ пен иық арқылы жерге перпендикуляр болатындай жазықтық жүргезіңіз, бас не төмен емес, не жоғары емес – орташа қалыпта. Қимыл: бөксе оңға, бөксе солға, қай жаққа қисясыз сол жақтағы тізе бүгілуі керек, идея бойынша.

Ескерту: Бөксенің жаныңызда тұрған қарындастың я жігіттің бөксесіне тию міндетті емес.

Қосымша жаттығулар

Бұл жаттығулар қысылып тұрған я жандындағы елдерге қауіпті деп танылғандарға көмектеседі. Ең бастысы, сүйегім бар екен-ау деген ойдан арылу.

5 кеңес: Мойын бос. Басты оң-сол жақтарға айнала қимылдайсыз.

6 кеңес: Баппен қимылдауға тырысыңыз. Музыка естіліп тұрса қимылды тоқтатпаңыз.

7 кеңес: Ерініңізді шүршитіңіз. Анда-санда ашып тұрсаңыз болады.

8 кеңес: Тіліңіз салақтап билеген сырт көзге ұнамауы мүмкін, сондықтан ауыз ішінде болғаны дұрыс.

Ескерту: Жаттығуларды бірден алып кету мүмкін емес, сондықтан күнделікті ең қарапайымдармен шектеліңіз.

9 кеңес: Қыз басымен жігітті вальсқа шақырса «билемеймін» деп позорды шашпаңыз (ер басымен қыздарды шақырса «билемейм!» деп айтуы мүмкін емес, қыздар көбі биді жақсы көреді). Вальстің не екенін білмесеңіз – профессионалдардан кеңес сұраңыз, қыздың қолы қайда, ер қолы қайда болу керегін де сол жақтан сұрасаңыз болар деп ойлаймын. Немесе, ең қарапайым вальс – оңға-солға тербелу. Айналып билеймін деп қыздың аяғын таптап, не жігіттің аяғын каблукпен «тесіп» мына кеңесті оқымаған сиңайланбаңыз. Аяқ киімді танымай тұрсаңыз – басыңызды көтеріңіз. Қолыңыз иықты іздеп таба алмай жүрсе, құттықтаймын – сіз бастығыңызбен билеп жатырсыз.  Дем ала алмай жатсаңыз, партнеріңіздің кеудесінен басыңызды шығарғаныңыз жөн. Вальс кезінде музыкамен қатар жұбыңыздың да даусына мән беріп тұрған дұрыс қой… Жауап қайтарсаңыз тіпті тамаша!!!

10 кеңес: Лезгинкіге итермелеп шығарып жіберсе: а) Ер болсаңыз: пышақты ала сап, ауызға сала сап ОЙБАЙ! қырынан! … Бір тізені бүгіп отыра қап қолдарыңызды маңдай тұсында соғыңыз. ХЕЙ пышақта нең бар?! б) Қыз болсаңыз: көзіңізді еденнен алмай, сызылып аяғыңыздың ұшымен жапон адымымен жерде пышақ тістеп отырған шапалақтаушыны айнала жүресіз, қолыңыз біртін-біртін төменнен жоғары айнала қозғалсын, тек байқаңыз – пышақтың ұшы тиіп кетпесін.

Тыныс алуды ұмытпаңыз. Иық, мойын бос болсын!

Түзете-Ескерту: материал биден білімі таяз ұстаздан алынған

Advertisements