8Ән айтып үйренемін деушілерге Интернет-мұғалима бірнеше кеңес-жаттығу береді.

Ең алдымен, ән айтудың негізі – дұрыс тыныс алу. Бастамас бұрын, тыныс жолындағы бұлшық еттердің жұмысын қарап көріңіз. Алақаныңызды ішке қоясыз, қолыңызды жылытыңыз не ойдаға пешке от жағыңыз. Ішіңіздің ары-бергі қозғалысын сезінесіз. Сезбейсіз бе??? Онда сізде ең рационалсыз тыныс алу – бұғаналық. Дұрыс деп саналатын тыныс – іштің төменгі қабатының қабырға-аралық бұлшық еттері мен ішқуыс пен кеудеқуысты бөліп тұратын мембрана-диафрагманың қызу жұмыс атқаруы. Және осылай тыныс алуды – диафрагмалық дейді екен. Диафрагма қозғалысын көлденең күйде тексеру оңай. Шалқасынан жатыңыз, қолыңыз қарныңыздан сәл жоғары қойыңыз, сосын дем алыңыз. Деміңізді ішке тартқанда қолыңыз жоғары көтерілсе, шығарғанда төмен түседі. 🙂 Диафрагма малатес 🙂

1 Жаттығу: Тынысыңыздың табиғи қызметі күлкі кезінде байқалады. Күлкіден айырмасын!

2 Жаттығу: Тыныс алуыңызды тексеріп отыру үшін қолыңызды ішіңізге қойыңыз, іштей төртке дейін санай отырып ақырын дем алыңыз. Іште көп ұстамай, демді шығарыңыз, тағы да төртке дейін санап. Сезбесеңіз, спорт үйірмесіне жазылудың қажеті жоқ. Алдыға қарай еңкейіңіз де, екі қолды сегізкөзге қойыңыз(білетін шығарсыз қайда екенін?!). Дем алғанда арқаның осы ауданы кеңейуін байқайсыз. Дем алған сайын, санақты өсіре беріңіз(бес, алты, жеті… білесіз деп үміттенемін).

3 Жаттығу: Жылдам-жылдам дем аласыз, аузыңыз ашық болсын. Тілі салақтаған иттің дем алғанын байқадыңыз ба? Уот, қарап көріңіз, сонда бұл жаттығудың «собачка» аталуын түсінерсіз. Ең дұрысы –  айнаның алдына орындық қойып, сүйене, иық, мойын дегендерді босата отырып жасау. Тек, иықтың көтерілмеуін қадағалаңыз.

4 Жаттығу: Дем алудың қомақты кемшілігі – дем шығарудың бір қалыпты болмауы. Ық-пық пен дір-дір… Дем шығаруды жаттықтыра отырып, дауыстың бір қалыпты шығуын қалыптастырасыз. Шамалап дем шығарыңыз, мұрынмен ішіңізге(қарын дейміз ба?!) дем алыңыз да ТЦ-Ц-Ц… деп тіс арасынан бәсеңдете шығарасыз. Шыққан ауа ағынының бірқалыптылығын және тербеліссіздігін байқап, дем алғандағы қатайған прессті босатпауға тырысу керек. Пресске түскен қысымды дем шығып біткенше сақтап көріңіз. Бара-бара 20-30 секундтан 1 минөтке дейін ұзартыңыз.

Ескерту: Ән айту кезінде ерекше бұлшық еттер қозғалады. Сондықтан, пресс качать ету сияқты жаттығулардың қажеті жоқ. Йога, дем алу гимнастикасы мен жүзудің септігі тиер. Диафрагмалық тыныстануды көлікте, қыдырыста, сабақта, т.т. «ішпен» дем алып автоматтылыққа жеткізерсіз.

Қосымша жаттығулар

Бұл жаттығулар қысылып қалған я артық күш түскен бұлшық еттердің жұмысын дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Ең бастысы, тіп-тік арқа, иық түзу әрі төмен түсірілген, бас – я төмен емес я жоғары емес – ортаңғы қалыпта.

5 Жаттығу: Мойын бос. Басты оң-сол жақтарға айнала қимылдайсыз.

6 Жаттығу: Иекті төмен түсіресіз – қайта қайтарыңыз. Баппен қимылдауға тырысыңыз.

7 Жаттығу: Ерініңізді шүршитіңіз. Оңға-солға, шыр айналдыра, алдыға – артқа қозғалтыңыз.

8 Жаттығу: Тілді әртүрлі формаға келтіріңіз: айналдырыңыз, кесе сияқтандырыңыз(тілдің бүйірі мен ұшы жоғары көтеріледі) немесе желкен сияқтандырып(ауыз ашық, тілдің ұшы таңдайға тиіп алдыңға тістерден мейлінше алшақ тұрады).

Ескерту: Жаттығуларды бірден алып кету мүмкін емес, сондықтан күнделікті ең қарапайымдармен шектеліңіз.

9 Жаттығу: 3-4 жиылған саусақты ауызға тығыңыз. НГА, НГО, НГЫ, НГЕ, НГУ, НГЯ -ді анық әрі қатты айтыңыз.

10 Жаттығу: Аузыңызды ашыңыз, тіліңізді сыртқа шамаңыз жеткенше шығарыңыз – иекке тигізуге тырысыңыз.

Дұрыс тыныс алуды ұмытпаңыз. Иық, мойын бос болсын!

Түзете-Ескерту: материал мықты вокал-ұстазының дәрістерінен алынған 🙂

Advertisements