Айконың жазбасынан білдім, оған дейін де айтып еді… Кәріс жиыны емес, Мұрагердің шығармашылық кешін айтамын…

Адам қарасы өте көп екен. Тұрып тұрғандары қанша?! Көңілашардың подругасы кешігіп, ол оған ашуланып 🙂 Зере де 10-15 минөтқа кешікті 🙂 бірақ, біз оның бір-екі кешіккеніне етіміз үйреніп қалған сияқты 🙂 (Айкона 8-ден кейін боспын деп едің ғой…)

Күйлерде жан бар… Билерде сыр, әндерде мән бар… Мұрагерде талант бар… Осы кешті көрген біздерде бақ бар…

Өзім үшін, «Отырар сазы» оркестрі жан-дүниемді төңкеріп, қопарып тастағандай болды: әртүрлі аспаптардың үнінен бір сурет салып тұрған дирежер-ағаның еңбегі, өнері шығар, қағаздағы өлі нотаны тірілтіп қолындағы аспабына тіл берген музыкант-жандардың ойыны шығар. Көңілім қалқып, қызық бір күйде болдым… Келген адамдар да біртүрлі – өте әдемі сияқты. Музыкалық оқу орнына бармағаныма іштей де, айтып та өкіндім. Ішкі дүние мен сыртқы бейне бір-бірімен ұштаспаған дегенге қалай сенесіз?!

Қыздармен қош айтысып, бірталай жерге кетіп қалып, есіме досымда қалған заттарым түсе қалды… Бұрыла сап, жүргіре телефон соқсам «абонент қызмет көрсету аясынан тыс жерде»… Үмітсіз – шайтан, тағы бастым қалтафонымның пернесін, «дуут-дуут» деген дыбыстардан айналдым 🙂 Ол аса алысқа кете қоймапты, «уф!» деп ентігімді басып – «Ақыры келген екенмін, давай я тебя провожу!» деп шығарып салмақпын, үйге қайтқым кеп тұрған жоқ – әмбе мамамның қайта-қайта хабарласып «байқап жүр! байқап жүрлері» де іштей жібермей тұр. Досымның «қараңғы боп кетті, біздікіне қона салсаңшы!» деген ұсынысы ұнап, әдептік үшін «ұят емес пе?!» деп, баяғы 🙂 Ақыры бұйырмады…

пысы: дұрыс суреттер болып жатса, келсі жазбаларда жариялармын

Advertisements