«…

– Әже, мына қоржын менің тойымдағыдан әдемірек екен! Дука-Дука деп зыр жүгірдіңіздер ғой…

– Енді! Орыстан алмай қазақ тапқанына қуанып жатырмыз ғой, өзгемен құда болғанша, өзімізден қыз алайық та, айнымай тұрғанында…

– Ыхехехе… Жасы да кеп қапты ғой! Солтүстіктің қазағы болса да қайда жатыр … ыхе-ыхе…

– ЕЙ!!! Әкеңнің баласы! Сонша жүргіргені нес! Отыр! Үлкендер сөйлесіп жатыр ғой! Әлия! әй, Әлия! Ап кетші мынаны, шулатпай!

– Қоржын дайын! Құдаларға деген китті Астанадан толықтырармыз! Бізден кім-кім баратын болды, сонымен?

… »

– 10-15 минөт ішінде кеп қалады…

Тыныштық… Айтқан 10 минөті өтіп бітпеді… Тіл байланып, жүрек тоқтауға шаг қалды, кірерге тесік таппай, тамаққа тығылып, «А» десең ытқып шығып кетердей боп, «орныңа бар» деп жұтынып қойып отыр… Кеше ғана абыр-сабыр, дабыр-дүбір боп тұрған үш бөлмеде сағаттың «тық-тығы» мен мұрынның пысылынан басқа дыбыс шықпай, есіктің ашылғанын қорқынышпен тосып отыр…

Бір Алланың жазғаны, шара бар ма?!

Advertisements