Бастағанды  қолдап үйренген:

1. Өмірді сүйіп (досымның топастығы)
2. Түнімен ұйықтамай … (емтихан ғой баяғы)
3. Теңізге барып …
4. Бақыттан біреуді қатты құшақтап … (есімде жоқ… кім екені, бірақ құшақтасып тұрып бірге секіргеніміз есімде)
5. Үлкен иттен қашып …(ит болмаса да үлкен ҚАЗ)
6. Өсімдік өсіріп …
7. Үйден қашып … (ауылда тұрғанда, әжемдікіне қашып кететінмін)
8. Боранда жүріп …
9. Жаңбырдың астында қалып, шылқылдап су болып … (үй мен мектеп арасы бірталай жер болған, қолшатыр жоқ, мектепте тосып тұратын уақыт жоқ, сосын кеттім)
10. Досыңнан айрылып … (тірі, бірақ жұбайының айтқанына көніп кетті)
11. Дәл сенің туған күніңде туған адаммен дос болып … (1980 жылы 1 тамыз күні туылған адамды танимын)
12. Жалғыздықта серуендеп … (өз-өзіме келу үшін)
13. Жолбарысты сипалап …
14. Жүгіріп келіп суға секіріп … (ағаларымнан қайталайтынмын, қазір айтсыншы «НИ ЗА ЧТО» дер едім)
15. Таңды қарсы алып … (сол баяғы мектеп)
16. Бірнеше күн жалғыздықта болып …
17. Қатты мас болып …
18. Терезе шағып …
19. Бір адамды балағаттап …
20. Парашютпен секіріп …

21. Мысық, күшік, ит немесе басқа да жануар асырап … (Джекки деген мысық баласы болған)
22. Шұңқырға құлап …
23. Қатты шошып …
24. Біреуге аса бағалы сыйлық сыйлап … (олай істеуге болайды деп ойлаймын)
25. Бірнеше сағат біреумен телефонмен сөйлесіп … (5 сағат, кәдімгідей бәсеке болған)
26. Ғашық болып, оны білдіріп …
27. Қайта суынып …
28. Біреуді жек көріп …
29. Орманда адасып …
30. Фонтанға түсіп …
31. Палаткада ұйықтап …
32. Поезда 7 күн жүріп …
33. Ұшақпен ұшып … (ағамның тойына барғанда)
34. Жаңа жылды жалғыз қарсы алып …
35. Қанға тойған масаны өлтіріп … (
бырт-бырт 🙂 )
36. Тірі көбелекті қолда ұстап … (жынды көбелектерді)
37. Музыка тыңдап ұйықтап …
38. Отқа піскен картоп жеп …
39. Күні бойы күннің астында жүріп … (шемішке жинағанбыз)
40. Аспанға қарап, жұлдыздарды тамашалап … (Құс жолынан көз алмағаным бар)
41. Маңызды бірнәрсені ұмытып … (ұмытып отырмын)
42. Түнде sms-жазысып … (жауабы келед дегенше ұйықтап кетемін)
43. Караокеде өлең айтып … («… жанымды түсіне жадыратар сенсің…»)
44. Күні бойы кітап оқып … (шыдамым жетпейді)
45. Жылағың келсе де күліп … (қиын, ӨТЕ қиын)
46. Бір фильмді басынан аяғына дейін 5 рет көріп … (шыдамым жетпейді)
47. Біреуге “енді сөйлеспей-ақ қояйықшы” деп айтып … (кешір, братан!)
48. Алақаның ауырғанға шейін шапалақ ұрып …
49. Дымың құрығанша билеп … («болды билемеймін, аға!» …)
50. Темекі бастап, қайта тастап …
51. Суретті сүйіп … (уахахаха, кешір Зере)
52. Құмнан үй салып …
53. Күн күркірегеннен ұйықтай алмай …
54. Шет елде болып … (қиялым)
55. Фильмнің ақаулықтарын аңғарып … (зейін қарап көргенде)
56. Ағашқа өрмелеп шығып … (талай құлағанмын да)
57. Ең жек көретін нәрсені қайта жақсы көріп …
58. Өміріңді түбегейлі өзгертіп … (қалаға көшіп келгенде)
59. Жолда жүру куәлігінсіз көлікті айдап
60. Бәстесуден жеңіп … (сол 5 сағат сөйлескенде кім жеңді деп ойлайсыз?)
61. Музыканы бар даусына қойып, тыңдап … (еден жуғанда)
62. Біреуге ренжіп, бір күн бойы ешкіммен сөйлеспей … (маған сөйлемеген соң сөйлемедім)
63. Мұғалімді/бастықты/үлкен лауазымды біреуді наққа жіберіп …
64. Хормен өлең айтып …
65. Халықтың алдында жалғыз шығып өнер көрсетіп
66. Жануарларды суретке түсіріп … (зоопарктің бәрін түсіріп шыққанмын, баяғыда)
67. Торт жасап
68. Аспанды суретке түсіріп … (бұлттарды)
69. Өлең жазып … (ұят)
70. Біреуді құтқарып … (мен болмасам….)
71. Концертке барып
72. Күні бойы компьютердің алдында отырып … (түнімен де)
73. Өз-өзіңе қол жұмсамақ болып …  (оған жетпедім әлі)
74. Қолыңды қағазбен тіліп алып … (қол былай тұрсын, тілімді кесіп алғанмын)
75. Ауырғанна шок (болевой шок) алып …
76. Тізеңнен келетін суда жүзуге талпынып …
77. Баспалдақтан құлап … (кабук бір жақта, мен бір жақта)
78. Үйлену той көйлегін киіп … (ұяламын…)
79. Үлкен бір кітапті бірнеше сағаттың ішінде оқып шығып … (шыдамым жетпейді)
80. Депрессияда болып … (АААААААААА)
81. Шетелдікпен әңгімелесіп … (Поли – Синтина 🙂 )
82. Танымал жұлдызбен сұхбаттасып …
83. Өлім аузында қала жаздап …
84. Көп қабатты үйдің шатырына шығып … (12 қабат :))) )
85. Рухани өліп, қайта тіріліп … (мынаны түсінбедімммм 😦  )

Енді өзімнен:

86. Май жағылған нанды майы жоғары қарап құлатып көрдіңіз бе?… (құлатып көрейін)

87. Унитазға телефон құлатып шы?… (алғанын көрдім)

88. Біреудің үстіне ыстық шай/кофе/сорпа құйып… (ұят)

89. Фламастирмен өз денеңе сурет салып… (бала болдық қой)

90.  Башпайларыңызды машина басып кетіп… (шегім түйілгенше күлдім)

91. «бізді уже жыртып қойған» деп көрдіңіз бе?… (естідім, билет жайлы айтылып еді)

92. Автобустың артынан жүгіріп… (оқушы болдық қой)

93. Әшкидің үстіне отыра қалып, лепешка жасап… (әшки тақпаймын)

94. Өтірік айтқаныңды мойындап… (болды!)

95. Шын айтқаныңды шы? … (турасын айтып аламын да «ойбай! ойнап айтам!» дей саламын)

96. Розеткаға саусақ тығып… (ондай өнер болмады)

97. Аспанға түкіріп…  🙂

98. Жалаң аяқ үйге қайтып… (ауылда)

99. Өз шашыңды өзің қиып… (баламын ғой)

100. Төбелесіп… (сақтаған ба?!)

101. «Үркер» тобының әніне билеп… (упс…)

102.  Жатақхананың қызығын көріп… (жібермеді ғой…)

103. Сатушылармен дауласып

104. Үй салып… (үлгерер ма екенмін?!)

105. Тауық сүйегінен май алып…(без комментов)

106. Қағаз хат алып… (өзім сұрап алдым)

107. Секунт санап

108. Аққу етін жеп…

109. Темірге тіл жабысып… («Тупой еще тупее» күшті кино 🙂 )

110. Тұтас бір қойды жеп… (асқазан кішкентай әттең…)

111. Қызыл кітапта болып көрдіңіз бе?…

Advertisements