«303 маршрут… Шағын маршрутканың артқы есігінен түсетін адамдарды шығарып, кірдім. Керек аялдамама екеуі қалғанда кондукторша тұрған жаққа барып «Жетінші аурухана қазір ма?» деп сұрап едім, қазақша түсінбейтінін білдіріп «ЧТО?» деді. Мен де оның «ыштосын» білмейтіндей қайта «Жетінші аурахананы айтамын!» деймін. «Девушка, я не понимаю о чем вы!» дегеніне көзім жалтақ-жалтақ «аударар адам бар ма екен» деп жан-жағыма қараған болдым. Кондукторшаға қарама-қарсы отырған әйел аударып берді. «Через одну» деген жауабын «Қазір түсесің» деп қазақшалап маған айтты. «Рахмет рахмет» деп мен. Жол ақысының 50 теңге екенін жақсы білемін, әдейі 40 беріп тұрмын. Кондуктор оны байқамай қалуы мүмкін емес «еще 10 тенге» деп… Бетіне аңқауланып қарап тұрмын… Жаңағы «аудармашы» әйел, онсыз-ақ біліп тұрғанымды өзіме айтып берді. Мен баяғы «ЕЕЕ» деп 10 теңге беріп жатырмын…»

– САЛТАНАТ, ТҰР!… Сағат жеті болды!

«НҰРЖ! Ертерек оятпайсың ба?! Қалдым ғой…» – деп мен дүгі-дүгі бөлмеден бөлмеге жүгіріп, апыл-ғұпыл киініп, бетті шаяр-шаймастай су шаша салып, жағатынын жағып, бояйтынын бояп үлгеріп, үйден зытып шықтым да кеттім. Қарыным АШ…

Қазақша түсінбейтін кондуктор кездесе қалса, түсімді қайталармын 🙂

Advertisements