39872011) Робинзон немесе нағыз жалғыздық

Жалғыздық – тамаша нәрсе! Бірақ, жалғыздық – тамаша нәрсе екенін саған біреу айту керек қой! (О. Бальзак)

Амалы: тотықұс болады ма, «Пятница» болады ма асырап алу керек. Тіпті, тасбақа 🙂 сөйлеу білмесе де, өмірге философиялық қарауға үлгі болады.

2) Тап-таза саналы жалғыздық

Дана жалғыздықта аса жалғыз емес (Менее всего мудрец одинок тогда, когда находится в одиночестве) (Джонатан Свифт )

Диуаналық(отшельничество) – саналы түрде қоғамнан шектелу – қайғы емес, қуаныш.

Амал: ішкі дүниеңнің талабымен, бір күні орныңыздан атып тұрып «тайгаға! Жан дүниеммен сөйлесуге кетемін» деп шешу.

3) Үлкен қаладағы жалғыздық

Жалғыздық – көңілсіздікпен көмкерілгендіктен адамға не қызығушылық, не тартымдылық туғызбайды. Адам өз жалғыздығынан ұялады. Бірақ, жалғыздық – әркімге тән. (Чарлин Чаплин)

Кішкене ауылда/қала типтес поселкеде бәрі бәрін таниды, келе жатып солға да оңға да «Сәлеместізбеңізді» жаудырасыз. Бірақ, әрбір қимылыңыз байқаусыз қалмайды.

Амал: үлкен қаладан кішісіне көшу. Бұл құрттай әлемнің бар жақсылығын ала отырып, теріс жақтарын да ұмытпаңыз.

4) Ностальния немесе «Топырақ» жібермейді

Бұл әлемдегілер жалғыз. Әркім зынданға қамалған және өз бауырластарымен белгілер арқылы ғана сөйлесе алады. Белгілер бәріне бірдей емес, сондықтан мағынасы бұлыңғыр әрі дәл емес. Жүректің асылымен бөлісіп бақанымызбен, қалай қабылдайтындарын білмейді, сондықтан өмірде өзіміз жалғыз сандырап жүрміз, серіктерімізбен қолтықтасқанмен бір емеспіз, түсінбей түсіністік таба алмай. Тілін білмесек те жат елдердегілергі ұқсаймыз, талай даналы, әдемі ойлар айтқысы келгенімен, мөрленген тілашар ұйқастарымен сөйлеуге мәжбүр. Миларында бірінен бірі өткен қызықтар жатқанымен «Біздің бағбанның тәтесі үйінде қолшатырын тастап кетіпті» дегендей сөзден ары кете алмас. (Сомерсет Моэм)

Амал: Өткен – кеткен. Сол сияқты, алыс елдерден, өзің білетін/білген еліңе оралу мүмкін емес. Естеліктерің «ашық» болсын!

5) Өркөкірек жалғыздық

Жалғыздық көрнекті даналардың бәсекесі. (А. Шопенгауэр)

Амал: Айнаның алдына тұрып алып, өркөкірек тұрысты, «өзіңше» болуды үйрену. «Нағыз суретшіні ешкім түсінбейді» немесе «Сөзсіз дарын байқалмай қалады» сияқты сөздерді жаттап алған дұрыс. Жиындарда, «жұмбақ» болып, мұңды да намысқой түрмен ойға кеткендей боп тұр. Бірен-саран «асқан» өнер туындысы немесе ғылыми еңбек «көзір» ретінде болғаны жөн – образ толық болуы үшін да 🙂

6) «Ақын» жалғыздығы

Құрметке тұрарлық дүние оңашада туындаған, бұл дегенің қоғамнан алыс. (Ж.-П. Рихтер)

Жалғыз жолаушы басқалардан алыс кетер! (Ф. Зальтен «Бемби»)

Шығармашылық жұмысқа керек ынта мен зейінді жалғыздықта табу оңайырақ.

Амал: Бөлмеде жалғыз қалуға болмаса, телефон өшпесе, телевизор, компьютер т.т болса – құлаққаппен беймаза/тыныш музыка қос та РАХАТТАН!

7) Жасөспірім жалғыздығы

Бәріміз бозбала мен бойжеткен болғанбыз. Біздей қайталанбас, қиын да нәзік жандарды түснер жан жоқ сияқтанатын, тұлға ретінде қалыптасатын кез. Шын ғой, бізді ересектер түсінді ма?! Егер, жанұядағы түсініспеушіліктер шамадан шығып кетсе «қиын жасөспірім» туындайды.

Амал: сен – жасөспірімсің, үлкендер сені түсінгісі келмесе… есеюден басқа амал жоқ. Қорықпа, көп тоспассың. Бірнеше жылдан соң, ата-анаңмен сөйлесетін ортақ әңгіме пайда болар. Қазірден бастап іздесең болады. Не істейміз, кейде үлкендерге даналық жетіспесе?! Сендей ғажап, бәрін түсінетін жанда ақыл жеткілікті емес пе?!

Егер, жанұяңда сөзге көнбейтін жасөспірім болса – жастығыңды есіңе ал! Түсінуге тырыс! Қиыншылығына мол кезең ғой, қанша дегенмен де…

8 Қарт жалғыздық (жерлер адам да жоқ)

Өмірде адам екі рет жалғыз болуы керек: жастық шағында: көпке үйрену үшін және өзіңе ойлау кейпін қалыптастыру үшін және қартайған шағыңда – өткенді таразылау үшін. (И. Циммерман)

Әнек: Бір аяғы көрде, бір аяғы жерде бір қарт ойлап жатыр дейді «Шүкір! Бала-шаға бар! Жерлейтін адам бар… әттең, өлгім келмейді!» …

Қарт адамдардың өмірі бәсең өтуі керек. Жастар болса, әрдайым асығып, мәңгілік туралы ойлау миларына кіріп те шықпайды. Жастар мен қарттардың араласуы ұзақ болса, жалғыздық пен түсініспеушілік көбее түседі.

Амал: туысқандармен жиі қатынаспау, өзіңдейлермен көбірек араласу.

9) Ерлер жалғыздығы (біреудің оты қыздырмайды)

Жалғыздықтан қорықсаң – үйленбе. (А. Чехов)

10) Жетім

Жалғыздақты көтере алмайтындар, әдетте жиындарда адам шыдатпас. (Албер Гино)

Өздерін өзі аяйтындар сол рөлмен бір болып, екінші «өзім»-і боп кетеді.

11) Әйелдер жалғыздығы (Не дейд? Әлі бойдақпысың?)

Махаббат – өмір бойы ерлер мен әйелдерді ойландыратын жалғыздықтан қашу амалының бірі. (Бертран Рассел)

Амал: елге ештеңе дәлелдеудің қажеті жоқ! Өзіңе шын мәнінде жақын адамды табуға тырыс. Отырып қалған қыз атанамын деген қорқынышпен емес, жалғыз қалу қорқынышынан емес… Бұл адам – өмірлік серігің екенін білгендіктен!

12) Бірге жалғыз…

Толық нұсқасы мына жерде

Advertisements