Қомақты тақырыпта жазайын деп едім, өте көп материал оқу керек болды 🙂 Жоқ, оқыдым ғой… Просто… Барлығын жинап, бір «тауарлы» күйге келтіру үшін біршама уақыт керек екен…

Алдын ала: басқа блогта келесідей жазудың аналогын көрсең хабардар етуді өтінемін… Және бұл аударма екенін ескертемін *

ТАМАҚ

Әдетте, тамақты арнайы дүкендерден сатып алады. Тамақ сұйық, қатты және онша емес болады. Жағылатындықтан онша емес тамақты сатып алу қиын. Сосын, қымбат та тамақ болады.

Дұрыс тамақ таңдағаныңызға күмәнді болсаңыз татып көруді ұсыныңыз. Егер рұқсат етсе, онда ол дұрыс тамақ. Егер бермесе немесе сізге біртүрлі қараса, онда 1-тамақ ашуға болмайтын қорапта немесе пакетте, 2-бұл дұрыс емес тамақ.

Сізге қонақ кеп қалуы мүмкін, сондықтан көп тамақты сразу сатып алмаңыз («Сырт тамақ» рецебін қараңыз).

«Тамақ сатыңызшы!» деп ешқашан айтпаңыз, саусақпен көрсете салсаңыз болады.

Түрлі тамақ түрліше саналады: литр, килограмм, дана, бөтелке және банка. Сондықтан, сізден «ҚАНША?» деп сұраса, жауап қайтармай белгісіздеу қып ауада саусақпен жүргізіңіз не болмаса ұсынғанға келісе салыңыз, себебі ыңғайсыз жағдайға тап болып қалуыңыз әбден мүмкін.

Үйге тамақты әкеле сала тоңазытқышқа салыңыз, іздегенде таппай қалуыңыз мүмкін.

«Әйелдерше» дайындау кезінде дұрыс емес тамақ жөнделуі немесе жойылуы ғажап емес.

Рецептер

Жай тамақ: Тоңазытқышта жатқан тамақ-жай тамақ. Иіскеп көріңіз. Егер дәмді сияқты болса, татып көріңіз. Егер шынымен дәмді болса, жеп көріңіз. Керісінше болса, мүмкін, тамақ дұрыс емес, қоя салыңыз.

Бөлшек тамақ: Тоңазытқыштан табылған тамақты қолмен, пышақпен(ойбай!ақырын!) немесе үй құралдарымен бөлшектеп көріңіз. Жеуге жарамды бөлшегінен басқа тамақты орнына қоя салыңыз.

Жылытылған тамақ: Алдын ала табылған тамақты тоңазытқыштан алыңыз. Жарты сағат ішінде інілеріңізден қора отырып пешке тамақты қойыңыз. «Ыстық тамақ дәмдірек екен» деген жаңалық ашуыңыз мүмкін.

Жылытылған қысқы тамақ: Парабойға/батарейге алдын ала табылған тамақ бөлігін (көп болсаңыз бүкіл тамақты) қойыңыз. 10-20 минөттен соң жеуге болады. Барлық тамақтар үшін бұл рецепт жарамайды.

Гарнирлі тамақ: Табаққа әртүрлі тамақ бөліктерін қойыңыз. Бірінен соң бірін жеуге тырысыңыз. «Жылытылған тамақ» немесе «Ысытылған тамақ» рецепттерімен үйлестіруге болады.

Соусты тамақ: Сұйық тамақты қатты тамақ үстіне құйыңыз.

«Әйелдерше» тамақ: Қонаққа әйел шақырыңыз. Киімін алыңыз. «Сүйкімдім, қарның аш емес пе? Тоңазытқышта бірдеңе болған» дегенді айтыңыз. Тамақты қонағыңыздың өңдеуінен кейін сіз тамақтың дақ жартысына қақыңыз бар.

«Құрбыларша» тамағы: Қонаққа досыңызды шақырыңыз. Шақырып тұрып, сөз соңында «айтпақшы, шайға бірдеңе-сірдеңе ала салшы!» дегенді қоса салыңыз.

Сырт тамақ: Әйел адамға қонаққа барыңыз. Сол жақта сізге тамақ береді. Тамақты асай отырып «Дәмді бопты!» дегенде айтып отырған дұрыс.

Толықтырулар-кеңестер 🙂 (ұмытып кетіппін 🙂 )

Тамақты жолда, көлікте, көрмеде, сауықханада, лифтте, жалпы тамақтың иісі шықпайтын жерден іздеп керегі жоқ. Ол жерлерден табылған тамақ, әдетте, дұрыс емес не біреудікі.

Егер тамақ сізден қашса, тимеңіз-сіздің тамағыңыз емес 🙂

Егер дұрыс тамақ дәмсіз болса, тоңазытқышқа салып қойыңыз, бәлкім сіз аш емес шығарсыз 🙂

*-түзету 14.10.2008

Advertisements